Lenovo M10 FHD Plus TB-X606F (ZA5T0255RU) [31/37] Eurasia сәйкестік белгісі

Lenovo M10 FHD Plus TB-X606X (ZA5V0289RU) [31/37] Eurasia сәйкестік белгісі
29
Қайта зарядталатын ішкі батарея туралы ескерту
Қауіпті: қайта зарядталатын ішкі литий-иондық батареяны ауыстыруға
тырыспаңыз. Бастапқы батареяны үйлесімді емес батарея түрімен ауыстырған
кезде, жарылу, шамадан тыс қызу немесе басқа қауіп-қатерлер салдарынан
жарақат алу не мүліктің зақымдалу қаупі артуы мүмкін. Батареялар жинағын
бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекет жасамаңыз. Осындай әрекет салдарынан
қауіпті жарылыс болуы немесе батарея сұйықтығы ағып кетуі мүмкін.
Батареяны қоқысқа тастағанда, тиісті жергілікті заңдардың немесе ережелердің
барлығын сақтаңыз. Батареялар жинағын тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз.
Пайдаланылған батареяларды нұсқауларға сай қоқысқа тастаңыз.
Батареялар жинағының құрамында зиянды заттардың аздаған мөлшері бар.
Жарақат алмау үшін:
Батареялар жинағын ашық жалындардан немесе басқа жылу көздерінен аулақ
ұстаңыз.
Батареялар жинағына судың, жаңбырдың немесе басқа коррозивті
сұйықтықтардың әсеріне ұшырауына жол бермеңіз.
Батареяны температурасы өте жоғары ортада қалдырмаңыз.
Батареялар жинағының қысқаша тұйықталуына жол бермеңіз.
Батареялар жинағын кішкентай балалардан және үй жануарларынан аулақ
ұстаңыз.
Батареяны ауа қысымы өте төмен ортада қалдырмаңыз. Мұның салдарынан
жарылыс болуы немесе батареядан тұтанғыш сұйықтық немесе газ шығуы
мүмкін.
Батареяның қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін батареяны зарядтаған сайын
оны кемінде 30–50% сыйымдылығына дейін жеткізу және шамадан тыс зарядтан
айырылуға жол бермеу үшін үш айда бір рет зарядтап тұру ұсынылады.
Қорғаныш көзілдірігі және қауіпсіздік техникасы
туралы ақпарат
Lenovo өз экрандарының өнімділігіне назар аудара отырып, пайдаланушы көзінің
денсаулығына да айтарлықтай мән береді. Бұл өнім TÜV Rheinland институтының
“Көк жарықтың төмен деңгейі” сертификатын алды және оны сенімді пайдалануға
болады. Қосымша ақпарат алу үшін https://support.lenovo.com сілтемесіне кіріңіз.
EurAsia сәйкестік белгісі

Содержание

Похожие устройства

Скачать