Philips GC4610 [57/136] Қоршаған орта

Philips GC4610 [57/136] Қоршаған орта

Қақ тазалау қызметін екі апта сайын қолданыңыз. Егер сіздің аймағыңыздағы ағын су өте қатты
болса (мысалы, үтіктеп жатқанда қоқымдар үтіктің астыңғы табанынан шығатын болса), қақ
тазалау қызметін жиірек қолданған дұрыс.
1 Су ыдысын ең жоғарғы деңгейіне дейін толтырыңыз.
Суға арналған сыйымдылыққа сірке суын немесе қаспақ кетіретін сұйықтықтарды құймаңыз.
2 Температура бағдарламасын бұрайтын дөңгелекті МАХға қойыңыз (Cурет 18).
3 Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана қосуға болады.
4 Үтікті температура жарығы сөнгеннен соң, тоқтан суырыңыз.
5 Үтікті бақалшақ үстінен ұстаңыз. Бу бақылау түймесін Қақтан Тазалау ұстанымына
апарып, ұстап тұрыңыз. Жәймен үтікті ары бері сілкіңіз (Cурет 19).
, Бу және қайнаған су үтіктің табанынан шығады. Қоқымдар мен қалдықтар (егер бар
болса) жуылып кетеді.
6 Су ыдысындағы су таусылған бойда бу деңгейін реттегіш түймесін босатыңыз.
Егер үтікте әлі де қоқымдар болса, Calc-Clean функциясын тағы да қолданыңыз.

1 Үтікті қабырғадағы розеткаға қосып, астыңғы табаны кепкенше қыздырыңыз.
2 Таңдап қойған үтіктеу температурасына жеткенде, үтікті тоқтан суырыңыз.
3 Ыстық үтікті қолданылған шүберектің үстімен жәймен жүргізіңіз, сонда үтіктің астыңғы
табанында пайда болуы мүмкін дақтар кетеді.
4 Үтікті жинап қоятынның алдында, оны суытып алыңыз.

1 Бу бақылау түймесін 0 ұтсанымына апарып, үтікті тоқтан суырып, оны суытып алыңыз.
2 Су ыдысын босатып, үтікті аяғынан тұрғызып, тегіс жерде сақтаңыз. (Cурет 20)
3 Тоқ сымын орап, оны қыстырғышпен бекітіп қойыңыз.


Үтікті қолданып болғаннан кейін, оны бірден ыстыққа төзімді жабылғыға салып сақтап
қойсаңыз да болады. Үтікті алдын ала суытудың қажеті жоқ.
Үтігтеп жатқанда ыстыққа төзімді қорғаныс жабылғысын қолданбаңыз.
1 Астыңғы табанның ұшын ыстыққа төзімді қорғаныс жабылғысына кіргізіңіз (1) содан
соң үтіктің аяғын төмен қарай басыңыз (2) (Cурет 21).

- Тозғаннан кейін құралды күнделікті үй қоқысымен бірге тастамай, арнайы қайта өңдеу
орнына өткізіңіз. Осылайша қоршаған ортаны қорғауға септігіңізді тигізіңіз (Cурет 22).
 57

Содержание