Little Doctor LD7 [38/40] Дұрыс өлшеу жөніндегі нұсқаулар

Little Doctor LD7 [38/40] Дұрыс өлшеу жөніндегі нұсқаулар
38
KAZ
ЖАЛПЫ МƏЛІМЕТТЕР
Бұл басшылық құжат пайдаланушыға күретамырдың қан қысымы мен тамырдың соғу
жиілігін өлшеуге арналған сандық LD аспабын қауіпсіз жəне тиімді пайдалану жөнінде
көмек көрсетуге арналған, орындалуы LD7 (əрі қарай мəтін бойынша: АСПАП).
Аспап аталған басшылық құжатта жазылған ережелерге сəйкес пайдаланылуға тиіс
жəне осында жазылған мақсаттардан басқа жағдайларда пайдаланылмауы керек.
Басшылық құжатты толықтай, əсіресе «Дұрыс өлше
у жөніндегі нұсқа
улар» бөлімін
оқып шығып, түсініп алған дұрыс.
ҚОЛДАНУҒА КӨРСЕТІМДЕР
Аспап 15 жастан асқан адамдардың күретамырының ең жоғарғы жəне ең төменгі қан
қысымын өлшеуге жəне тамыр соғу жиілігін анықтауға арналған. Аспап күретамырдың
қан қысымы ауытқып тұратын (тұрақсыз) немесе белгілі күретамыр гипертензиясы
бар адамдарға медициналық бақылауға қосымша үй жағдайында пайдалану үшін
ұсынылады. Көмкерме жуандығы шамамен 25 см-ден 36 см-дей болатын білекке дəл
келеді. Қан қысымы 40-та
н 260
мм сынап бағанасына дейінгі диапазонда, ал тамырдың
соғу жиілігі минутына 40-тан 160 бүлкілге дейін диапазонда өлшенеді.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Бұл аспапты тек төменде көрсетілген көмкермелермен ғана
пайдалануға рұқсат етіледі:
- компрессиялы Cuff-LDA көмкермесі, көлемі 25-36 см (аспаппен бірге жиынтықта
жеткізіледі);
- компрессиялы Cuff-LDA2 көмкермесі, көлемі 32-43 см (жеке сатып алынады).
ДҰРЫС ӨЛШЕУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
Дұрыс өлшеу үшін күретамырдың қан қысымының тіпті өте қысқа уақыт
аралығында күрт ауытқып кететінін білген дұрыс. Күретамырдың қан
қысымының деңгейі көптеген факторларға байланысты. Əдетте ол
жазда төмен, ал қыс кезінде жоғары болады. Күретамырдың қан қысымы
атмосфералық қысыммен бірге өзгеріп тұрады, сондай-ақ ол денеге түсетін
ауырлыққа, көңіл-күйдің қозуына, күйзелістерге жəне т
амақтану ре
жіміне де
тəуелді. Қабылданатын дəрі-дəрмектердің, алкоголдік ішімдіктердің жəне темекі
тартудың да оған əсері үлкен. Көптеген адамдарда қан қысымы көрсеткіші
емханада өлшеткен кезде де көтеріліп кетуі мүмкін. Сондықтан үй жағдайында
өлшенген күретамырдың қан қысымының емханада өлшеткен күретамырдың
қан қысымынан айырмашылығы жиі болып тұрады. Күретамырдың қан қысымы
төменгі температураларда көтерілетіндіктен, өлшеулерді бөлме т
емпера
тура-
сында (шамамен 20 °C) жүргізіңіз. Егер аспап төмен температурада сақталған
болса, оны пайдаланар алдында кем дегенде 1 сағат бөлме температура-
сында ұстаңыз, əйтпесе өлшеу нəтижелері қате болуы мүмкін. Денсаулығы
дұрыс адамдардың тəулік ішіндегі систоликалық (ең жоғарғы) қан қысымы
көрсеткішінің айырмашылығы 30-50 мм сынап бағанасын жəне диастоликалық
(ең төменгі) қан қысымы көрсеткіші айырмашылығы 10 мм сынап б
ағанасын
құрайды. Күретамырдың қан қысымының əртүрлі факторларға тəуелділігі
əр адамда əрқалай болады. Сондықтан күретамырдың қан қысымы
көрсеткіштерінің арнайы күнделігін жүргізген дұрыс. ТЕК ДИПЛОМЫ БАР
ДƏРІГЕР ҒАНА СІЗДІҢ КҮРЕТАМЫРЫҢЫЗДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫ ӨЗГЕРІСІН
КҮНДЕЛІКТЕН АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ АНЫҚТАЙ АЛАДЫ.

Содержание