Little Doctor LD7 [39/40] Кепілдемелік міндеттемелер

Little Doctor LD7 [39/40] Кепілдемелік міндеттемелер
39
KAZ
КҮТУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1. Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, тікелей түсетін күн сəулесінен, соққылардан,
дірілден сақтау керек. АСПАП СУ ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ!
2. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде сақтамаңыз.
3. Егер аспап мұздау нүктесінен төменгі температурада сақталған болса, пайдаланар
алдында оны кем дегенде 1 сағат жылы жерде ұстау керек.
4. Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын бо
лса
, ішіндегі қуаттау
элементтерін бөлек алып қойыңыз. Өйткені, қуаттау элементтерінен сұйық ақса,
аспапты зақымдайды. ҚУАТТАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН
ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ!
5. Аспапты кірлетпей ұстаңыз, оны шаңнан қорғаңыз. Аспапты тазалау үшін құрғақ
жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
6. Аспаптың жəне оның бөлшектерінің сумен, ерітінділермен, спиртпен, бензинмен
жанасуына жол бермеңіз.
7. Көмкермені өткір бұйымдар
дан
аулақ ұстаңыз, сондай-ақ көмкермені созуға жəне
сығуға болмайды.
8. Аспапты қатты соққылардан сақтаңыз жəне оны лақтырмаңыз.
9. Қажет болғанда оны тек мамандандырылған ұйымдарда ғана жөндетіңіз.
10. LD-N057-ні ұзақ уақыт бойы желіге қосылған күйінде қалдыруға болмайды.
11. Белгіленген қызмет мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын тексерту үшін
оны ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу ұйымдары) көрсетіп тұру қажет.
12. Өтелге шығарған кезде сол уақытта Сіздің өңірде қолданыста болған ережелерді басшылыққа
алыңыз. Өндіруші бұл аспапты өтелге шығарудың арнайы шарттарын белгілемеген.
13. Көмкерме көп рет санитарлық зарарсыздандыруға төзімді. Көмкерменің матамен
жабындалған ішкі жағын (тексерілушінің білегіне оралатын) сутек асқын тотығының
3%-дық ерітіндісіне шыланған мақта анжымен зарарсыздандыруға рұқсат етіледі.
Ұзақ пайдаланған кезде көмкерменің мата жабынының түссізденуі мүмкін. Көмкермені
жууға, сондай-ақ ыстық үтікпен зарарсыздандыруға болмайды.
КЕПІЛДЕМЕЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. Бұл аспапқа сатылған күннен бастап 36 ай кепілдемелік мерзім белгіленген. Көмкерменің
кепілдемелік мерзімі сатылған күннен бастап 12 айды құрайды.
2. Кепілдемелік міндеттемелер аспап тұтынушыға сатылған сəтте кепілдемелік талонмен
ресімделеді.
3. Кепілдемелік қызмет көрсету ұйымдарының мекенжайлары кепілдемелік талонда
көрсетілген.
Тұтынушылардың шағымдары мен талап-тілектерін ресми импортердің мына мекен-
жайына жолдау керек: Қазақстан: 070010, Өскемен қ., Карбышев к-сі, 24, «Ка
зме
димпорт»
ЖШС, (7332) 55-89-97
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігітіркеу нөмірі РК-МТ-7011366
20.05.2013 ж. берілген.
Little Doctor International (S) Pte. Ltd., 35 Selegie Road #09-05
Parkline Shopping Centre, Singapore 188307 (Литтл Доктор Интернешнл (С) Пти.
Лтд., 35 Cележ Роуд 09-05 Парклайн Шопинг Центр, Сингапур 188307) компаниясының өнімі.
Экспорттаушы: Little Doctor International (S) Pte. Ltd. (Литтл Доктор Интернешнл (С) Пти. Лтд.).
Дайындаушы: Little Doctor Electronic (Nantong) Co. Ltd., No.8, Tongxing Road Economic &
Technical Development Area, 226010 Nantong, Jiangsu, PEOPLE'S REPUBLIC OF CHINA.

Содержание

Скачать