Little Doctor LD2 [30/32] Күту сақтау жөндеу жəне өтелге шығару

Little Doctor LD2 [30/32] Күту сақтау жөндеу жəне өтелге шығару
30
KAZ
ӨЛШЕУ КЕЗІНДЕГІ ДЕНЕНІ ҰСТАУ ҚАЛПЫ
1. Күретамырдың қан қысымын өлшеген кезде столдың жанына Сіздің
қолыңыз оның бетінде жататындай болып отырыңыз. Білегіңіздегі
көмкерме оралған жердің жүрек тұсы деңгейінде, ал білегіңіздің столда
бос жатқанына жəне қозғалып кетпейтіндігіне көз жеткізіңіз.
2. Сіз қан қысымын шалқаңыздан жатып та өлшей аласыз. Төбеге қарап,
тыныштық сақтаңыз жəне өлшеу кезінде қозғалмаңыз. Білегіңіздегі
көмкерме оралған жердің жүрек
тұсы деңгейінде екендігіне міндетті түрде
көз жеткізіңіз.
КҮТУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1. Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, тікелей түсетін күн сəулесінен,
соққылардан, дірілден сақтау керек. АСПАП СУ ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛЫП
ТАБЫЛМАЙДЫ!
2. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде
сақтамаңыз.
3. Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, ішіндегі қуаттау
элементтерін бөлек алып қойыңыз. Өйткені, қуаттау элементтерінен сұйық
ақса, аспапты зақымдайды. ҚУАТТАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚО
ЛЫ
ЖЕТПЕЙТІН
ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ!
4. Аспапты кірлетпей ұстаңыз, оны шаңнан қорғаңыз. Аспапты тазалау үшін
құрғақ жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
5. Аспаптың жəне оның бөлшектерінің сумен, ерітінділермен, спиртпен, бен-
зинмен жанасуына жол бермеңіз.
6. Көмкермені өткір бұйымдардан аулақ ұстаңыз, сондай-ақ көмкермені
созуға жəне сығуға болмайды.
7. Аспапты қатты соққылардан сақтаңыз жəне оны лақтырмаңыз.
8. Қаже
т
болғанда аспапты тек мамандандырылған ұйымдарда ғана
жөндетіңіз.
9. Белгіленген қызмет мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын
тексерту үшін оны ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу
ұйымдары) көрсетіп тұру қажет.
10. Өтелге шығарған кезде сол уақытта Сіздің өңірде қолданыста болған
ережелерді басшылыққа алыңыз. Өндіруші бұл аспапты өтелге шығарудың
арнайы шарттарын белгілемеген.
11. Көмкерме көп ре
т санит
арлық зарарсыздандыруға төзімді. Көмкерменің
матамен жабындалған ішкі жағын (тексерілушінің білегіне оралатын)
сутек асқын тотығының 3%-дық ерітіндісіне шыланған мақта анжымен
зарарсыздандыруға рұқсат етіледі. Ұзақ пайдаланған кезде көмкерменің
мата жабынының түссізденуі мүмкін. Көмкермені жууға, сондай-ақ ыстық
үтікпен зарарсыздандыруға болмайды.

Содержание