Redmond SkyCooker RMC-M903S, управление с телефона [32/36] Iii аспап күтімі

Redmond SkyCooker RMC-M903S, управление с телефона [32/36] Iii аспап күтімі
32
III. АСПАП КҮТІМІ
Жалпы ережелер мен кеңестер
Аспапты алғашқы пайдаланар алдында, сонымен қатар мультипісіргіште әзірлеген соң
ас иісін кетіру үшін ішінде «НА ПАРУ» бағдарламасында 15 минуттың ішінде жарты
лимон өңдеуге кеңес береміз.
Егер аспапты ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оны электр желісінен ажыратыңыз. Қыз-
дыру дискісін қоса, жұмыс камера, таба, ішкі қақпақ пен бу клапаны таза және құрғақ
болуы керек.
Бұйымды тазалауға кірісудің алдында ол электр желісінен ажырап тұрғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Тазалау үшін жұмсақ мата мен ыдыс жууға арналған
жұмсақ құралдарды пайдаланыңыз.
Аспапты тазалағанда қатты майлықты немесе губканы, абразивті пастаны пайдалануға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сонымен қатар, кез келген химиялық агрессивті немесе асқа тиетін
заттар үшін қолдануға кеңес берілмеген басқа заттарды пайдалануға болмайды.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Мультипісіргіштің резина бөлшектерін тазалағанда мұқият болыңыз: олар зақымдан-
са немесе майысса, аспап дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Бұйым корпусын ластанған сайын тазалауға болады. Таба, ішкі қақпақ және шешілмелі
бу клапанын аспапты пайдаланған сайын тазалау керек. Муільтипісіргіште ас әзірлену
барысында қалыптасатын конденсатты құрылғы пайдаланылған сайын кетіріңіз. Жұмыс
камераның ішкі бет терін қажет болғанда тазалаңыз.
Корпусты тазалау
Бұйым копусын жұмсақ ылғал асханалық майлықпен немесе губкамен тазалаңыз. Жұмсақ
тазалау құралын қолдануға болады. Корпуста аққан су іздері мен айғыздарды болдырмау
үшін оның бетін құрғатып сүртуге кеңес береміз.
Табаны тазалау
Сіз табаны жұмсақ губка мен ыдысты жуу құралын пайдаланып, қолмен де, ыдыс жуатын
машинада да тазалай аласыз (өндіруші кеңестеріне сәйкес).
Қатты кірлегенде табаға жылы су құйып, біраз уақыт жібітіп қойыңыз, одан кейін тазалап
шығыңыз. Табаны мультипісіргіш корпусына қоюдың алдында сыртқы бетін міндетті түрде
кептіріп сүртіңіз.
Табаны үнемі пайдаланғанда оның күйікке қарсы ішкі жабындысының түсі толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі таба ақауының белгісі болып табылмайды.
Ішкі қақпақты тазалау
Ішкі қақпағын орнату және алып шығу тәртібі
A4
сурет сызбанұсқасында (7 бет).
Негізгі және алмалы-салмалы ішкі қақпақтарын тазарту үшін ылғалды шүберек немесе губканы
қолданыңыз. Ішкі қақпағын орнатар алдында екі қақпақтың беттерін құрғатып сүртіңіз.
Алмалы бу қақпақшасын тазалау
Бу клапаны құралдың жоғарғы қақпағындағы арнайы ұяшықта орнатылған. Тазарту реті
A5
сызбанұсқасында (8 бет).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Клапан резеңкесінің пішін өзгертуінің алдын алу үшін алу, тазарту
және орнату кезінде оны айналдырмаңыз және созбаңыз.
Конденсатты жою
Осы үлгіде конденсат тостаған айналасында аспап корпусының арнайы қуысында жинақта-
лады және аспаптың артқы бөлігінде орналасқан арнайы контейнерге ағады.
1. Қақпақты ашып, тостағанды шығарыңыз. Қажет кезде конденсатты толықтай контей-
нерге ағызу үшін мультипісіргіштің алдыңғы бөлігін аздап көтеріңіз.
2. Шықпадан аздап өзіңізге қарай тартып, контейнерді шешіңіз.
3.
Конденсатты төгіңіз. Жоғарыда аталған ережелерді сақтап, контейнерді жуыңыз және
орнына орнатыңыз.
4.
Тостаған айналасындағы қуыста қалған конденсатты асханалық майлық көмегімен
тазартыңыз.
Осы нұсқаулық нұсқауларын қатаң сақтаған жағдайда сұйықтықтың, тағам бөлшектерінің
немесе қоқыстың аспаптың жұмыс камерасының ішіне түсу ықтималдығы барынша төмен.
Егер елеулі ластану орын алса, аспаптың ақаулы жұмысының немесе сынуының алдын алу
үшін жұмыс камерасының бетін тазарту керек.
Жұмыс камерасын тазалау
Осы нұсқаулықтың нұсқаулары қатаң ұстанғанда сұйықтық, ас бөліктері немесе қоқыстың
аспаптың жұмыс камерасының ішіне түсу мүмкіндігі аз. Егер қаты ластанса, аспаптың қате
жұмысынан немесе аспап бұзылуынан бас тарту үшін жұмыс камерасының беттерін таза-
лау керек.
Мультипісіргіштің жұмыс камерасын тазалаудың алдында аспап электр желісінен
ажыратылып, толық суығанына көз жеткізіңіз!
Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғаларын, қыздыру дискісі бетін және орталық тер-
моқадаға қабығын (қыздыру дискісінің ортасында орналасқан) ылғал (су емес) губкамен
немесе майлықпен тазалауға болады. Егер сіз жуу құралын қолдансаңыз, кейін ас әзірле-
генде керексіз иісті болдырмау үшін оның қалдықтарын мұқият кетіру керек.
Бөтен заттар орталық термоқадаға айналасындағы қуысқа түскенде оларды қадаға қа-
бығына баспай, пинцетпен мұқият алып тастаңыз. Қыздыру дискісінің беті кірлегенде ылғал
орташа қатты губканы немесе синтетикалық ыскерамикалықты пайдалануға болады.
Аспапты үнемі пайдаланғанда қыздыру дискісінің түсі уақыт өте келе толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі құрылғы ақауының белгісі болып табылмайды
және оның дұрыс жұмысына әсер етпейді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать