Philips FC8204 [39/104] Құрама саптама

Philips FC8204 [39/104] Құрама саптама

Құрама саптаманы пайдаланып, кілемдерді (щетка лентасын ішіне кіргізіп) немесе қатты еденді
(щеткалы лентасын сыртқа шығарып) тазалауға болады.
- Қатты еденді тазалағанда, щетканың лентасы саптамадағы орнынан шығып тұру үшін,
құрама саптамадағы педальді аяқпен басыңыз (Cурет 6).
- Кілемдерді тазалағанда, құрама саптамадағы педальді аяқпен тағы бір рет басса, щетканың
лентасы қайтадан саптамадағы орнына кіреді (Cурет 7).

Шаң сорғышыңыз осы үш қосымша бөлшектердің біреуімен немесе бірнешеуімен беріледі.
1 Саңылауларды тазалау саптамасы, кішкене саптаманы немесе щетка саптамасын
құбырға немесе тікелей сапқа жалғастырыңыз (Cурет 8).
1 Кішкене саптаманы кішкене ауданды тазалау үшін, мысалы орындық немесе диваныңызды
тазалау үшін қолданыңыз.
2 Саңылауларды тазалау саптамасын тар бұрыш пен қол жетпейтін жерлерді тазалау үшін
қолданыңыз.
3 Кішкене щеткалы саптаманы компьютерлер мен кітап сөрелерін тазалау үшін қолданыңыз.


- Шаңсорғышты алдыңғы жағында орналасқан тұтқасынан ұстап жылжытуға
болады (Cурет 9).
1 Қуат сымын құралдан тартып шығарып, штепсельдік ұшын розеткаға жалғаңыз.
2 Құралдың жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяқпен басып, құралды қосыңыз.
- Бір сәтке үзіліс жасау қажет болса, түтікті ыңғайлы күйге уақытша қою үшін, саптаманың
шығып тұрған жағын күту қалтасына кіргізіп қойыңыз (Cурет 10).

Сору қуатын реттеу жолдары:
- қол сабындағы сору қуатының сырғытпасы арқылы (Cурет 11)
- шаң сорғыштағы электрондық сору қуаты түймесі арқылы (тек белгілі бір
түрлерде) (Cурет 12)


Шаң дорбасын алмастырар алдында құралды міндетті түрде тоқтан суырыңыз.
Құралдың төбесіндегі шаң дорбасының көрсеткіші өзінің түсін тұрақты етіп өзгерткен бойда
шаң дорбасын алмастырыңыз.
1 Қақпақты ашыңыз (Cурет 13).
2 Шаң дорбасының картонды ілмегін артқа қарай тартыңыз (Cурет 14).
3 Картонды ілмекті жоғары қарай тартып, шаң дорбасын құралдан суырып
алыңыз (Cурет 15).
, Шаң дорбасының ауызы автоматты түрде жапсырылады.
4 Жаңа шаң дорбасының төменгі жиегін құралдың төменгі жағындағы томпиып тұрған
бөлігінің алдына орнатыңыз (1). Шаң дорбасының картонының алдын өзіңізге қарай
тартыңыз (‘сырт’ ете түседі) (2) (Cурет 16).
 39

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения