Lenovo Tab 4 Essential TB-7304I 7" 16GB 3G Black (ZA310050RU) [32/41] Қауіпсіздік және пайдалану туралы маңызды ақпарат

Lenovo Tab 4 Essential TB-7304I 7
30
Қауіпсіздік және пайдалану туралы
маңызды ақпарат
Пластик қалта туралы ескертпе
Қауіпті: пластик қалталар қауіпті болуы мүмкін. Тұншығып қалмау үшін пластик
қалтаны кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Ішкі зарядталмалы батарея туралы ескерту
Қауіпті: ішкі литий-иондық батареяны ауыстырушы болмаңыз. Батареяның
басқа түріне ауыстырылса, жарылу қаупі болады. Зауытта ауыстырту үшін
Lenovo қолдау көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Қатты дауыспен пайдалану кезінде абайлаңыз
Ескерту: кез келген ресурстан қатты дауыспен ұзақ уақыт тыңдау есту
мүшеңізге әсер етуі мүмкін. Дыбыс неғұрлым қатты болса, есту мүшеңізге
соғұрлым тез зиян келеді. Есту мүшеңізді қорғау үшін:
• Қатты дауыспен гарнитураны немесе құлаққапты пайдаланатын уақытты
шектеңіз.
• Сыртқы шудан басым болатын дауыспен тыңдауға жол бермеңіз.
• Қасыңызда сөйлеп тұрған адамның дауысы естілмей жатса, дыбыс
деңгейін төмендетіңіз.
Есту қабілетіне қатысты бір қолайсыздық, оның ішінде қысым түсуін немесе
құлақтардың толып кеткендей болуын, құлақтың шыңылдауын немесе
басқалардың сөзі бәсең естілуін байқасаңыз, құрылғыны құлаққап немесе
құлақаспап арқылы тыңдауды доғарып, есту мүшеңізді тексертуіңіз керек.
Есту қабілетіне зиян келтірмеу үшін жоғары дыбыс деңгейлерінде ұзақ
тыңдамаңыз.
Ата-аналар мен ересек бақылаушыларға арналған
қауіпсіздік нұсқаулары
Мобильді құрылғы ойыншық емес. Жасы 3-ке толмаған балалардың онымен
ойнауына кеңес берілмейді. Барлық электр өнімдерде ток соғу қаупін азайту
үшін электр өнімдерді ұстаған және пайдаланған кезде, сақтық шаралары
қадағалануы керек. Егер ата-аналар жасы 3-те не одан үлкен балалардың
құрылғыны пайдалануына рұқсат берсе, мобильді құрылғыны ұстаған және
пайдаланған кезде, олар ықтимал қауіптен балаларын сақтауы керек. Ата-
ана мобильді құрылғының (оның ішінде қолданылуына қарай айнымалы ток
адаптерінің және кіші бөлшектің) зақымдалу-зақымдалмауын үнемі тексеріп
отыруы керек. Құрылғының дұрыс жұмыс істейтініне және балалардың
пайдалануына қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін бұл мобильді құрылғыны
күнделікті тексеріңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать