Philips FC8738 [100/280] Электромагниттік өрістер эмө

Philips FC8738 [100/280] Электромагниттік өрістер эмө
- Егер сүзгі цилиндрі, сүзгі цилиндр ыдысы, және шаң жинағыш ыдыс
дұрыс орнатылмаған болса, немесе жапқышы дұрыстап жабылмаған
болса, құралды қолдануға болмайды.
- Шаң себетін босатар алдында немесе фильтр цилиндрін тазалар
алдында міндетті түрде құралды тоқ сымынан суырыңыз.
- Бұл құралды мотор қорғауыш сүзгісіз қолдануға болмайды. Бұл
моторға зақым келтіріп, құралдың қызмет ету уақытын қысқартуы
мүмкін.
- Тек қана Philips қосымша берілген сүзгі цилиндрлерін қолданыңыз.
- Шуыл деңгейі: Lc = 80 дБ(А).
- Шаң сору кезінде, әсіресе ауа ылғалдығы төмен бөлмеде,
шаңсорғыш статикалық токты құрады. Осының нәтижесінде түтікті
немесе шаңсорғыштың басқа темір жерінен ұстасаңыз ток соғуы
мүмкін. Бұндай токтың соғуы сізге зиян емес және құралға нұқсан
келтірмейді. Бұл қолайсыздықты жою үшін ұсынарымыз:
1 зарядсыздандыру үшін құралды бөлмедегі басқа метал заттарға
жиірек тигізіп тұрыңыз (мысалы үстелдің немесе орындықтың
аяқтарына, радиаторға т.б.);
2 бөлмедегі ауа ылғалдылығын арттыру үшін бөлмеге су қойыңыз.
Мысалы, радиатордан алынған суды ыдыстарға құйып, радиаторға
ілуіңізге немесе тостағандарға су құйып, радиатордың үстіне
немесе жанына қоюңызға болады.

Philips компаниясы шығарған бұл құрал электромагниттік өрістерге
(ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданылса, қазіргі
кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану
қауіпсіз деуге болады.



- Ерекше ыңғайлы басқару (ComfortControl) қолсабы шаңсорғышты
қолданғанда қолайлы болу үшін эргономикалық жобамен жасалған.
- Осы қолсаптың көмегімен жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін
екінші қолыңызбен түтіктен ұстамаңыз. Түтіктен ұстасаңыз, еңкейіп
жүргендіктен, беліңізді ауыртып алуыңыз мүмкін.
- Біздің эргономист кеңесшілеріміз сізге түтік ұзындығын сап
ұстаудың деңгейі белдің деңгейіне келетіндей етіп ұстауға кеңес
береді.
100

Содержание

Скачать