Philips GC9235 [67/154] Қазақша

Philips GC9235 [67/154] Қазақша

Бұл тарауда құралды қолданғанда жиі кездесетін қиындықтар
сипатталған. Мәселе төменде берілген ақпарат көмегімен шешілмесе,
еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Бу генераторы
сорғылау
дыбысын
шығарады.
Су бу ыдысының ішіндегі қайнатқышқа
сорғызылады. Бұл — қалыпты жағдай.
Сорғылау дыбысы тоқтамаса, бу
генераторын өшіріп, штепсельдік ұшты
розеткадан ажыратыңыз. Өкілетті
Philips қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Бу генераторы бу
шығармайды.
Су ыдысындағы су жеткіліксіз. Су ыдысына су құйыңыз.
Бу генераторы бу шығару үшін
жетерліктей ыстық емес.
«Үтік дайын» жарығының тұрақты
жануын күтіңіз.
Бу шығарғышты баспайсыз. Бумен үтіктеген кезде, бу шығарғышын
басып тұрыңыз.
Су ыдысы бу генераторына дұрыс
қойылмаған.
Су ыдысын бу генераторына қайтадан
сырғытып кіргізіңіз («сырт» ете
түседі).
Құрал қосылмаған. Штепсельдік ұшты розеткаға жалғаңыз
да, қосу/өшіру түймесін басып құралды
қосыңыз.
Бу генераторы
өшіп қалған.
Бу генераторы 10 минут бойы іссіз
тұрғанда, автоматты өшіру функциясы
автоматты түрде қосылады.
Бу генераторын қайта қосу үшін, қосу/
өшіру түймесін басыңыз.
Қосу/өшіру
түймесіндегі
жарық
жыпылықтайды.
Бу генераторы 10 минут бойы іссіз
тұрғанда, автоматты өшіру функциясы
автоматты түрде қосылады.
Бу генераторын қайта қосу үшін, қосу/
өшіру түймесін басыңыз.
Үтіктің табанынан
су тамшылап тұр.
Бумен үтіктеуді бастағанда және
кідірістен кейін бумен үтіктеуді
жалғастырғанда, шлангта қалып
қойған бу суып, суға айналады. Бұл
үтіктің табанынан судың тамшылауына
себеп болады.
Бұл — қалыпты жағдай. Үтікті
ескі шүберектің үстінен ұстап
бу шығарғышты басыңыз.
Шүберек тамшыларды сіңіріп алады.
Бірнеше секундтан кейін, үтіктің
табанынан судың орнына бу шығады.
Үтіктеп жатқанда,
киім үстінде су
дақтары пайда
болады.
Бумен біршама уақыт үтіктегенде
киімде пайда болатын сулы жерлер
үтіктеу үстелінде суға айналған будын
салдарынан болуы мүмкін.
Бұларды кетіру үшін, сол жерді бусыз
үтіктеңіз. Егер үтіктеу үстелінің
астыңғы жағы сулы болса, оны құрғақ
шүберекпен сүртіп алыңыз.
Буды күшейту
функциясын
қолданған кезде,
киімде сулы
жерлер пайда
болады.
Киіміңіздегі сулы жерлер бу жеткізу
шлангысындағы конденсацияға
байланысты пайда болады. Бу жеткізу
шлангысы суығанда, шлангтағы бу
суып, суға айналады.
Буды күшейту функциясын
біраз қолданғаннан кейін, үтік
табанынан судың тамшылауы
тоқтайды.
 67

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Не гремит задняя EASYDECALC моргает
2 года назад