Nordfrost CX 304 012 Инструкция по эксплуатации онлайн [26/36] 589241

Nordfrost CX 304 012 Инструкция по эксплуатации онлайн [26/36] 589241
26
KAZ
5.1 Тоңазытқыш жабдықтың жəне кешендеуші бөлшектерінің қаптамасын алып тастаңыз. Егер
тоңазытқыш шыны сөрелермен жабдықталатын болса, онда олардың жиектерінен полиэтиленнен
жасалған тасымалдаушы төсемдерді алып тастаңыз.
5.2. Жабдықты жылы сумен жуыңыз: сыртқы бөлігін сабынды жуғыш құралмен, ішкі бөлігін
ас содасының ерітіндісімен. Егер есігі таттанбайтын немесе шыны болаттан жасалса, арнаулы жуу
сұйықтығын пайдаланыңыз. Жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз жəне мұқият желдетіңіз.
Тоңазытқыш жабдықты жуу үшін құрамында қышқылдар мен еріткіштер бар бүдірлі паста-
лар мен жуғыш құралдарды пайдалануға жол бермеңіз.
5 ОРНАТУ ТƏРТІБІ ЖƏНЕ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Электрлік жабдықтың оқшаулауыштарының нашарлауын аңғарған болсаңыз (металл
бөлшектерге жанасқанда тоқ соғып, ұшқын пайда болса) жедел арада тоңазытқыш жабдықты
сөндіріңіз, электр желісінен ажыратқан соң ақауды анықтауға жəне жоюға сервистік қызмет
көрсететін ұйымның механигін шақырыңыз.
4.5 Орнатылатын тегістікке (тоңазытқыш жабдықтың үстіне) пластмассаның жанып кетуі
мүмкін электрлік қыздырғыш құралдарды қоймаңыз.
Тоңазытқыш жабдықтың артында орналасқан тоқ өткізетін жерлерге судың тиуіне жол
бермеңіз.
4.6 Кемінде жылына бір рет жұмсақ шүберектің, жұмсақ қылшақтың немесе шаңсорғыштың
көмегімен тоңазытқыш жабдықтың артында орналасқан құрылымдарды тазартыңыз, алдымен
жабдықты электр көзінен ажыратыңыз.
!
4.7 Назар аударыңыз! Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
- тоңазытқыш жабдықты тоқ ауытқуларынан қорғаушысы жоқ, дұрыс жұмыс істемейтін
электр көзіне қоспаңыз;
- тоңазытқыш жабдықты қосу үшін өткізгіштерді, қосымша розеткаларды жəне ұзартқыштарды
пайдаланбаңыз;
- тиісті рұқсаты (лицензиясы) жоқ тұлғалардың көмегімен электрлік өткізгіш сымдардың айыр-
басталуын орындамаңыз;
- жарылғыш заттарды, əсіресе аэрозольді ыдыстарды құрылғыдағы тұтанғыш толтырғышпен
сақтамаңыз.
4.8 Тоңазытқыштың жарамдылық мерзімі(сервистік кітапша, кепілдік міндеттемелерді
қараңыз) біткен соң, тоңазытқышты əрі қарай пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды жасайтын
сервистік қызмет маманын шақыру қажет жəне электр сымдарының элементтерін міндетті түрде
ауыстыру керек. Əйтпесе өзіңіз бен айналаңыздағы адамдарға қауіп төндіруіңіз мүмкін.
4.9 Тоңазытқышта R 600а тоңазытқыш агенті қолданылған табиғи газ қоршаған ортаға
зиянды əсері жоқ, бірақ тез тұтанады, сондықтан қосымша сақтық шараларын орындау ке-
рек:
!
Назар аударыңыз! Тоңазытқыш жабдықтың артындағы желдеткіш саңылауларды жаппаңыз.
Назар аударыңыз! Еріту үрдісін тездету үшін механикалық жабдықтарды немесе басқа да
қосалқы құралдарды пайдаланбаңыз, егер өндіруші ұсынбаған болса.
Назар аударыңыз! Салқындатушы контурды зақымдамаңыз.
Назар аударыңыз! Өнімдер сақтауға арналған бөліктердің ішінде электрлік жабдықты
пайдаланбаңыз, егер олар өндіруші ұсынған типтерден өзгеше болса.
Назар аударыңыз! Тоңазытқыш жүйені герметиксіздендіру барысында ол тұрған жерді
жақсылап желдетіңіз жəне ашық отты пайдаланбаңыз.
!
4.10 Назар аударыңыз! Бұл жабдық физикалық, жүйкелік немесе психикалық кемшілігі бар
адамдардың (соның ішінде балалар да бар) қолданысына, сонымен қатар пайдалану бойын-
шы білімі мен тəжірибесі жеткіліксіз тұлғалардың қолданысына арналмаған, аталған тұлғалар
бақылауда болатын немесе аталған тұлғалардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғаға осы жабдықты
пайдалану үйретілген жағдайларды санамағанда.
Жабдықпен ойнауына жол бермеуді қамтамасыз ету мақсатында үнемі балаларды бақылау
керек.
4.11 Төмендегі жағдайларда тоңазытқыш жабдықты ашасын розеткадан суырып, сөндіріңіз:
- оның астындағы еденді жусаңыз, басқа жерге орнын ауыстырсаңыз;
- сыртынан жəне ішінен тазартатын болсаңыз, МК ерітілетін болса;
- электр желісінің тоғы өшірілген болса;
- ақауларын жөндеу барысында;
- ұзақ уақыт бойы үйде болмасаңыз.
4.12 Егер тоңазытқышыңызды қолданбайтын болсаңыз, оны кəдеге жарату қажет. Розеткадан
ашаны суырып, шнурды кесіп тастаңыз. Хладагент пен май ақпас үшін түтіктердің бүлінуіне жол
бермеңіз. Тоңазытқыш жүйесіндегі хладагентпен арнайы маман жұмыс істеуі керек. Жану кезінде
токсинді заттардың пайда болуын ескере отырып, құрылғыны жылу оқшаулауының жағылуына
қатаң тыйым салынады. Тоңазытқышты кəдеге жарату жөнінде толық ақпарат алу үшін жергілікті
билікке, қалдықтарды тасу мен кəдеге жарату қызметіне не тоңазытқыш сатып алынған дүкенге
жолығу керек.

Содержание

Похожие устройства

Скачать