Philips FC9083 [91/238] Қазақша

Philips FC 9082 [91/238] Қазақша
91

Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын босатқан кезде немесе бір
рет қолданылатын шаң дорбасын ауыстырған кезде әрдайым моторды
қорғауға арналған тұрақты фильтрді тазалап отырыңыз.
1 Шаң жинағыш дорба ұстағышын дорбамен бірге суырып алыңыз.
2 Моторды қорғауға арналған фильтр қорабының төбесіндегі
ілмекті төмен қарай басып, оны босатыңыз.
3 Моторды қорғауға арналған фильтр қорабының төбесін өзіңізге
қарай (1) тартып, фильтр қорабын шаң дорбасының бөлімінен (2)
шығарып алыңыз.
4 Фильтрді тазалау үшін, оны қоқыс шелегі үстінен сілкіңіз.
5 Таза фильтрді фильтр қорабына қайтадан салыңыз.
6 Фильтр қорабының екі шошағын түптегі төмпешіктің артына
сыйдырыңыз, сол кезде қорап үстіңгі жақта дұрыс сияды (1).
Содан кейін, фильтр қорабын орнына салыңыз («тық» ете түседі)
(2).
7 Шаң дорбасы бар шаң дорба ұстағышын қайтадан құрылғыға
салып, қақпақты жабыңыз.

HEPA 13 жуылатын фильтр ауа шығатын жерден 0,0003 мм мөлшерлі
бөлшектердің 99,95% ұстап қалады. Ол тек қана үй ішіндегі қоқыс
бөлшектерін ғана емес, сонымен қатар дем алу аллергияларының
себебі болып келетін шаң кенелері мен олардың нәжістері тәрізді
зиянды микроскопты паразиттерді ұстап қалады.
Ескертпе: Шаң сорғышыңыз тиімді түрде шаң жинап, жоғарғы сапалы
қызмет көрсетуіне кепілдік алу үшін, HEPA фильтрін тек түп нұсқалы
Philips фильтрінің дұрыс түрімен ғана алмастырыңыз («Қосымша
бөлшектерге тапсырыс беру» тармағын қараңыз).
 91

Содержание

Скачать