Beko SteamCure RSGE6H8636SBW [68/80] Машинаны пайдалану

Beko SteamCure RSGE6H8636SBW [68/80] Машинаны пайдалану
5.21
.
C
A
.
a
.
A
.
.
.
.
:
Машинаны пайдалану
68 / KZ Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
Басқа есептік жазбаға қосылған, кір
жуғыш машинаның баптауы
Егер сіз пайдаланғыңыз келетін кір жуғыш машина,
бұрын басқа есептік жазбамен байланысқан болса,
сізге HomeWhiz және машина арасында жаңа байланыс
орнату керек.
Қолданғыңыз келетін жаңа зияткерлік
құрылғыға HomeWhiz қосымшасын жүктеп алыңыз.
Жаңа есептік жазба жасап алыңыз және
HomeWhiz қосымшасына кіріңіз.
HomeWhiz («HomeWhiz баптауы»
бөлімі) орнату кезеңдерін орындаңыз және баптау
процедурасына өтіңіз.
HomeWhiz функциясы мен қашықтықтан
басқару функциясы тек Bluetooth
технологиясы арқылы жұптасқан кезде
ғана жұмыс істейтіндіктен, бір мезгілде
тек жалғыз HomeWhiz қосымшасын ғана
пайдалануға болады.
ЕСКЕРТУ. Машинамен байланысқан
зияткерлік құрылғылар саны
бойынша шектеу бар. Осы шектеуден
асып кетсе, бірінші жұптасқан
құрылғы жұптасқан құрылғылар
тізімінен жойылады, ал сіз осы жеке
зияткерлік құрылғыдағы баптау
рәсімін қайталауыңыз қажет.
5.22 Қашықтықтан басқару функциясы
және оны пайдалану
HomeWhiz баптауынан кейін Bluetooth автоматты
түрде қосылады. Bluetooth қосулы күйінде машинаны
өшіріп қайта іске қоссаңыз, байланыс автоматты түрде
қалпына келтіріледі. Жұптасқан құрылғы қол жетімділік
шегінен шығып кеткен жағдайда, Bluetooth автоматты
түрде өшіріледі. Осы себепті, қашықтықтан басқару
функциясын пайдалану үшін қайтадан Bluetooth қосу
қажет болады.
Байланыс күйін анықтау үшін, дисплейдегі Bluetooth
таңбасын тексеріңіз. Егер таңба тұрақты жанып
тұратын болса, Bluetooth байланысы орнатылған болып
табылады. Егер таңба жыпылықтап тұрса, байланыс
әрекеті жасалу үстінде. Егер таңба жанбайтын болса,
байланыс жоқ.
ЕСКЕРТУ. Сіздің бұйымда Bluetooth
байланысы қосылып тұрғанда, қашықтықтан
басқару функциясы таңдау үшін қолжетімді
болады.
Егер қашықтықтан басқару мүмкіндігі таңдау
үшін қол жетімсіз болса, байланыс күйін
тексеріңіз. Егер байланыс орнатылмайтын
болса, машинадағы бастапқы баптауларды
қайталаңыз.
Кір жуғыш машинаны қашықтықтан басқару үшін кір
жуғыш машинаның басқару панеліндегі бағдарламаларды
таңдау тұтқасы бағдарламаны жүктеу / қашықтықтан
басқару күйіне ауыстырылғанда қашықтықтан басқару
батырмасын басып, қашықтықтан басқару функциясын
қосу керек. Машинаны бағалау кезінде төменде
көрсетілген экран көрсетіледі.
Қашықтықтан басқару қосылып тұрғанда, сіз кір
жуғыш машинада тек қана басқаруды, өшіруді және
күйін бақылауды жүзеге асыра аласыз. Балалардан
бұғаттаудан басқа барлық функцияларды басқару
қосымша арқылы жүзеге асырылады.
Қашықтан басқару функциясы қосылған-
қосылмағанын тексеру үшін, батырмадағы функция
индикаторы қолданылады.
Егер қашықтықтан басқару функциясы өшірілген
болса, барлық операцияларды басқару кір жуғыш
машинада жүзеге асырылады, ал қосымшада
тек күйі көрсетіледі. Егер қашықтықтан басқару
функциясын қосу мүмкін болмаса, батырманы
басқан кезде машина ескерту дыбыстық белгісін
шығарады. Бұл машина қосылған жағдайда,
ал байланысқан зияткерлік құрылғы Bluetooth
арқылы анықталмаған болса да орын алуы мүмкін.
Мысалы, Bluetooth баптаулары өшірулі немесе
машинаның есігі ашық.
Кір жуғыш машинадағы функцияны қосқаннан
кейін, ол белгілі бір жағдайлардан басқа, қосылып
тұрады және Bluetooth арқылы машинаны
қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Кейбір жағдайларда ол қауіпсіздік мақсатында өзі
өшіріледі:
машина қуаттандыруы өшірілгенде;
бағдарламаны таңдау тұтқасы басқа
бағдарламаға бұрылып тұрғанда немесе машина
өшіріліп тұрса.

Содержание

Скачать