Beko SteamCure RSGE6H8636SBW [71/80] Қызмет көрсету және тазалау

Beko SteamCure RSGE6H8636SBW [71/80] Қызмет көрсету және тазалау
A
ЕСКЕРТУ. Ешбір жағдайда қатты
губкаларды немесе абразивті
материалдарды пайдаланбаңыз. Бұл
боялған және пластмасса бөлшектерін
зақымдауы мүмкін.
6.3. Корпусты және
басқару панелін тазалау
Машинаның корпусын сабын ерітіндісімен немесе
жұмсақ жуу құралымен жуыңыз және жұмсақ
матамен құрғатып сүртіңіз.
Басқару панелін тазалау үшін тек жұмсақ дымқыл
матаны пайдаланыңыз.
.
11 Крандарды жабыңдар.
2 Енгізу келте құбырларындағы сүзгілерге
қол жеткізу үшін құю шлангыларындағы
гайкаларды шешіп алыңыз. Оларды сәйкес
келетін қылшақпен тазалап жіберіңіз. Егер
сүзгілер қатты ластанған болса, оларды
тістеуікпен шығарып, тазалау керек.
3 Сүзгілерді құю шлангыларыңың түзу
ұштарынан төсемдермен бірге алып шығыңыз
және су ағыны астында мұқият жуып
жіберіңіз.
4 Төсемдер мен сүзгілерді кері ретпен ұқыптап
орнатыңыз, құю шлангасын гайкамен қысып
қолмен жалғаңыз.
6.4. Қалдық суды ағызу және
сорғы сүзгісін тазарту
Кір жуу машинасы су ағызу кезінде қатты
заттардың (түймелер, монеталар, мата
талшықтары және т.б.) сорғының қанатшасына
түсуін болдырмайтын сүзгілер жүйесімен
жабдықталған. Бұл суды кедергісіз ағызуды
қамтамасыз етеді және сорғының қызмет ету
мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Егер ағызу қалыпты орындалмаса, сорғы
сүзгісі бітелген. Сүзгіні ластануына қарай, бірақ
кемінде 3 айда бір рет тазалап отыру керек.
Сорғы сүзгісін тазартар алдында суды ағызып
тастау қажет.
Бұдан басқа, тасымалдау алдында (мысалы,
басқа пәтерге көшкен кезде) немесе су қату
қаупі бар жағдайда машинадан суды
71 / KZ Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
Қызмет көрсету және тазалау
ЕСКЕРТУ. Бөгде заттардың сорғы
сүзгісінде болуы машинаның
зақымдануына немесе жұмыс істеуі
кезінде қатты шуылдың шығуына
әкелуі мүмкін.
Сорғы сүзгісін тексеруіңізді және
тазалауыңызды өтінеміз!

Содержание

Скачать