Zanussi ZCG560MW [5/76] Күту менен тазалау

Zanussi ZCG560MW [5/76] Күту менен тазалау
Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі
төгілмес үшін пішімі мен диаметрі дұрыс,
орнықты ыдысты қолданыңыз. Күйіп
қалу қаупі бар.
Қақпақ
Жабық тұрған қақпақ құрылғыны шаңнан
қорғайды, ашық тұрғанда шашыраған
майды жинайды. Оны басқа мақсатта
пайдаланбаңыз.
Қақпақты әрқашан таза ұстаңыз.
Қақпақты жаппай тұрып, құрылғының
суығанына көз жеткізіңіз.
Ыстық қақпақ шытынап кетуі мүмкін.
Күту менен тазалау
Жуып-тазалардың алдында құрылғының
суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның
беткі қабаты бүлінбейді.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және
мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны
тек сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен,
өткір, түрпілі тазартқыш заттармен,
түрпілі жөкелермен және дақ
кетіргіштермен тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат
сенсорына ешбір затты бүрікпеңіз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті
сынуы немесе шытынауы мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін қолдануға
болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дәл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі бар.
Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты
жұмысты орындауына болады. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін:
Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
кішкентай балалардың немесе үй
жануарларының құрылғының ішіне
кіріп, қамалып қалуына жол бермейді.
Тұншығып қалу қаупі бар.
5

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Срок годности плиты
2 года назад