DEXP HD 9879P [4/28] Құрылғының міндеті

DEXP HD 9879P [4/28] Құрылғының міндеті
4
Құрметті сатып алушы!
Сізге «DEXP» сауда маркасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс
білдіреміз.
Біз Сізге сапаға, функционалдыққа және дизайнға қойылатын жоғары талап-
тарға сәйкес әзірленіп дайындалған бұйымдар мен құрылғыларды ұсынуға
қуаныштымыз. Пайдалануды бастар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат, сондай-ақ
өнімді дұрыс пайдалану және оны күтіп ұстау бойынша ұсынымдар берілген.
Осы Нұсқаулықтың сақталуын ойластырыңыз және оны бұйымды одан әрі пай-
далану кезінде анықтамалық материал ретінде пайдаланыңыз.
Құрылғының міндеті
Тіркеме DVB-T2 және DVB-C стандарттарындағы цифрлық эфирлік және кабельдік
теледидар арналарын қабылдауға арналған, сонымен қатар JPEG, BMP, MPEG4, AVI,
MKV, MP3, AAC және т. б. қолдайтын медиаплеер мүмкіндіктері бар.
Құрылғы EPG (Electronic Program Guide) функциясын - теледидар экранында кез-кел-
ген ыңғайлы уақытта теледидар бағдарламаларының кестесін көруге мүмкіндік бе-
ретін интерактивті бағдарламаны қолдайды. Тіркемені теледидар арналарын көруге,
радиостанцияларды тыңдауға, YouTube-ті, сондай-ақ, Wi-Fi адаптерінің* көмегімен
Wi-Fi желісіне қосылып және әдеттегі аудио және бейнежабдықтарын пайдаланып,
ақысыз IPTV арналарын көруге пайдалануға болады:
• кинескопты, плазмалық және СК теледидарлар;
• үй кинотеатрлар.
Сақтық шаралары
• Өндіруші қауіпсіздік шаралары мен өнімді пайдалану ережелерін сақтамау-
дан туындаған зақымданулар үшін жауап бермейді.
• Өртті немесе электр тогының соғуын болдырмау үшін құрылғыға су түсуіне
жол бермеңіз және құрылғыны жоғары ылғалдылық жағдайларында пайда-
ланбаңыз.
• Құрылғыда жоғары кернеулі компоненттер бар, сондықтан құрылғыны өзіңіз
ашуға және жөндеуге тырыспаңыз.
• Егер сіз оны ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмесе, сондай-ақ найзағай ал-
дында құрылғыны қуат көзінен және теледидар антеннасының кабелінен
ажыратыңыз. Найзағай кезінде құрылғыға, қуат баусымына немесе антенна
кабеліне қол тигізбеңіз.
• Бұл құрылғы көлік құралында қозғалған кезде теледидар сигналын қабылда-
мауы мүмкін.
• Құрылғының корпусына бөгде заттарды қоймаңыз.
* Тек DEXP HD 8835Р моделімен жиынтықта болады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать