Centek CT-5022 [5/12] Алдыңғы жағына орнатыңыз содан кейін оны гайкамен бекітіңіз пропеллердің ойығын

Centek CT-5022 [5/12] Алдыңғы жағына орнатыңыз содан кейін оны гайкамен бекітіңіз пропеллердің ойығын
2. ҚҰРАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҚ
1. Алдыңғы қорғағыш тор - 1 дана
2. Қалақшаларды бекіту сомыны - 1 дана
3. Қалақша - 1 дана
4. Артқы торды бекіту сомыны - 1 дана
5. Артқы қорғағыш тор - 1 дана
6. Торға арналған сәндік жапсырма - 1 дана
7. Басқару панелі бар моторлы блок - 1 дана
8. Тартылатын штанга - 1 дана
9. Торды бекітуге арналған қамыт - 1 дана
10. Тағанды бекіткіш - 1 дана
11. Тіректі бекіту - 1 дана
12. Таған -1 дана
13. Табан ауыртлатқыш - 1 дана
14. Табанды бекіту бұрандасы - 1 дана
Сәндік төсенішті торға бекітуге арналған бұранда - 3 дана
Пайдаланушы нұсқаулығы - 1 дана
3. АСПАПТЫ ҚҰРАСТЫРУ
- Желдеткіш бөлшектелген күйде жеткізіледі.
- Құрастыру үшін сізге бұрағыш қажет болады.
-
Құрастыруды бастамас бұрын жеткізу жиынтығының толық екендігіне және жиынтық
бөлшектерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
-
Үстіңгі бөлігін құрастырыңыз. Ол үшін қорғаныш тордың артқы бөлігін мотор блогының
алдыңғы жағына орнатыңыз, содан кейін оны гайкамен бекітіңіз. Пропеллердің ойығын
қозғалтқыш білігінің шпонкасымен беттестіре отырып, желдеткіштің пропеллерін қозғалтқыш
білігіне орнатыңыз. Орнатылған пропеллерді гайкамен бекітіңіз.
- Гайка сағат тіліне қарсы бұралады!
- Алдыңғы қорғанышты орнатып, торларды гайка мен болттың көмегімен бекітіп, қамытпен
жалғаңыз.
-
Желдеткіштің астыңғы бөлігін құрастырыңыз, ол үшін түбінің саңылауы мен ауырлатқышты
беттестіріп, содан соң оған бағана осін кіргізіп, гайкамен мықтап бекітіңіз.
-
Бұрандамен бекіте отырып, бұйымның барлық бөліктерін құрастырыңыз. Бекіткіштің көме-
гімен мотор блогының қажетті тік көлбеу күйге келтіріңіз.
-
Желілік бауын толығымен тарқатып, оның ашасын бұйымда көрсетілген кернеуге сәйкес
келетін кернеуі бар желі розеткасына қосыңыз.
- Желдеткіш жұмысқа дайын.
- БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
-
Таймер ауыстырғышын ON күйіне бұраңыз және желдеткіштің жұмыс жылдамдығын таңдау
үшін батырманы қажетті жылдамдықпен басыңыз.
-
Қозғалтқыштың тысында бұрылу режимін қосу батырмасы орналасқан. Егер сіз осы ба-
тырманы бассаңыз (батырсаңыз), қалақты қозғалтқыш әртүрлі бағытта бұрыла бастайды.
Бұрылу режимінен бас тарту үшін батырманы кері тартып шығарыңыз.
-
Желдеткішті автоматты түрде өшіру уақытын орнату үшін таймер ауыстырғышын бұраңыз.
Сіз 10-нан 60 минутқа дейінгі уақытты таңдай аласыз.
-
Желдеткішті өшіру үшін таймер ауыстырғышын OFF күйіне келтіріп бұраңыз немесе 0 ба-
тырмасын басыңыз. Бұйымның жұмысында ұзақ үзілістер болған жағдайда оны қорек-
тендіру көзінен ажыратыңыз.
-
Желдеткіштің биіктігін реттеу түтікті тігінен жылжыту арқылы жүзеге асырылады, содан
кейін бағананың қысқышы біртіндеп қатайтылады.
4. ҚҰРАЛДЫҢ КҮТІМІ
-
Тазалар алдында және қорғаныш торын алып тастау қажеттігі туындағанда, құралды
алдымен электр желісінен ажыратыңыз.
- Желдеткіш пен қалақтарын сабынды суға батырылған шүберекпен тазалаңыз.
-
Абразивті тазартқыш құралдарды, бензинді, еріткіштер мен басқа да жебір химиялық
заттарды пайдалануға болмайды.
- Бұйымды салқын және құрғақ жерде сақтау қажет.
-
Желдеткішті келесі маусымға дейін сақтау үшін қатырма қағаздан жасалған қорабына
салып қою қажет.
5. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
- Кернеуі: 220–240 В ~50/60 Гц
- Номиналды қуаты: 40 Вт
- Ең жоғары қуаттылығы: 55 Вт
- Тор диаметрі: 43 см
6. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, АСПАПТЫ ЖОЮ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қаптама, аспаптың өзі қайталап пайдалануға болатын материалдардан жасалған.
Мүмкіндігінше, аспаптарды жою кезінде қайталап пайдалану материалдарына арналған
контейнерге тастаңыз.
АСПАПТЫ ЖОЮ
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, аспап қарапайым тұрмыстық қалдықтан бөлек
жойылуы мүмкін. Оны электрондық аспаптар мен электр аспаптарын қайта өңдеуге
қабылдаудың арнайы пунктіне тапсыруға болады.
Материалдар өздерінің жіктемесіне сәйкес қайта өңделеді. Осы аспапты қолданылу мерзімі
аяқталуына байланысты қайта өңдеуге тапсыра отырып, Сіз қоршаған ортаны қорғауға үлкен

Содержание

Скачать