Philips Sonicare ProtectiveClean HX6803/04 [215/224] Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш

Philips Sonicare ProtectiveClean HX6803/04 [215/224] Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
EasyStart мүмкіндігін белсендіру үшін, «Мүмкіндіктерді белсендіру
немесе өшіру» бөлімін қараңыз.
Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
Philips Sonicare құрылғысы щетка басының (сурет 13) тозуын
бақылайтын BrushSync технологиясымен жабдықталған.
1 Жаңа смарт щетка басын алғаш ретін тіркеген кезде щетка басын
ауыстыру еске салғышы шамы жасыл түсте үш рет
жыпылықтайды. Бұл Philips щетка басында BrushSync
технологиясы бар екендігін растайды.
2 Сабы уақыт өте келе щетка басын ауыстыруға оңтайлы уақытты
анықтау мақсатында қолданылған қысым мен пайдаланылған
уақыт мөлшеріне байланысты щетка басының тозуын бақылайды.
Бұл мүмкіндік тістерді үздік тазалау және күтім көрсету кепілдігін
береді.
3 Щетка басын ауыстыру керектігін ескерту шамы сары түспен
жанса, щетка басын ауыстыру керек.
Щетка басын ауыстыру еске салғышын өшіру үшін, «Мүмкіндіктерді
белсендіру немесе өшіру» бөлімін қараңыз.
Қысым датчигі
Philips Sonicare құрылғысы щеткамен тазалау кезінде қолданылған
қысымды өлшейтін кеңейтілген датчикпен жабдықталған. Егер тым
көп қысым қолданылса, тіс щеткасы қысымды азайту керектігін
көрсететін кері байланысты бірден береді. Бұл пікір діріл өзгерісімен
және щеткамен тазалау сезімімен берілген.
Қысым датчигін өшіру үшін, «Мүмкіндіктерді белсендіру немесе
өшіру» бөлімін қараңыз.
Quadpacer
Quadpacer — ауыз қуысының әр түрлі бөлігін тазарту үшін ескертетін
қысқа сигналы мен кідірісі бар интервал таймері. Таңдалған тазалау
режиміне байланысты («Щеткамен тазалау режимдері» бөлімін
қараңыз) тазалау циклі барысында Quadpacer дыбыс сигналын әр
түрлі аралықтарда береді.
215
Қазақша

Содержание

Похожие устройства

Скачать