Hi D1H00 B [19/24] Электршкафқа күтім жасау

Hi D1H00 B [19/24] Электршкафқа күтім жасау
KZ
Пайдалану бойынша нұсқаулық Hi1 00 000 РЭ U
17
жуу керек, артынан тазалап сүртіп, кептіру керек;
- Өнімді тасымалдау мен сақтау кезінде жиналған, жылыту элементтерінен консервациялық мате-
риалдарды жою жəне ылғалды буландыру үшін жылыту жұмыстарын ең қаттыға орнату кезінде іші
бос электршкафты 30 мин. қыздыру керек. Сол кезде олардың жануынан иіс пайда болуы мүмкін.
Терезені ашып, бөлмені желдетіп алыңыз.
■ Тамақ дайындау кезінде қаңылтыр таба тордың ортасында орналастырылғанына көзжеткізіңіз,
артқы немесе шеткі қабырғаға тірелмеуі керек. Электршкафынан барлық артық заттарды (таба,
кəстрөл, пісіру формасы жəне т.б.) алып тастаңыз. Бұл талаптарды ұстанбау жылу ағындары
айналымының бұзылуына жəне тағамның бұзылуына əкеп соқтыруы мүмкін.
Егер рецептіде айрықша нұсқаулар болмаса, электршкафқа дайындалатын тағамды орнатпастан
бұрын, пісіру температурасында 10 минут жылытқан жөн.
Əдетте электршкафта тамақ дайындау кезінде (180...220)°С шегіндегі температура
қолданылады.
12. ЭЛЕКТРШКАФҚА КҮТІМ ЖАСАУ
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Жуар алдында міндетті түрде электршкафты электр желісінен
ажыратыңыз.
12.1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
■ Бумен тазалауды пайдалануға болмайды.
Тазалау үшін қолдануға болмайды:
■ Абразивтік материалдарды (қатты ұсақ дəнді заттарды).
Плитаның үстінгі қабатын қайтарымсыз бұзуы мүмкін, құрамында құм, сода, қышқылдар жəне
басқа да агрессивті компоненттер бар тазалағыш заттарды.
■ Кірді кетіруге қатты сорғыштарды, металл жөкелерін немесе пышақты, басқа да қатты заттарды
қолдануға болмайды.
Тазалау үшін келесілерді қолдануға кеңес етеміз:
■ Жұмсақ матаны, микрофибрадан жасалған жұмсақ майлықтар.
■ Ыдысқа арналған сұйық жуғыш заттар, құрамында жоғарыда аталған заттар жоқ арнайы жуғыш
заттарды.
Пайдалы кеңестер:
Сіңіп қалған жəне ескі қатып қалған кірлерді алдын ала сулап қоюға, артынан құрғақ матамен
сүртуге кеңес етіледі.
Майды арнайы заттың азғантай көлемімін қоса отырып, ыстық сумен жууға болады
Электршкафын қолданғаннан кейін жуғыш затпен жылы сумен жуу керек, тазалап сүртіп жəне
кептіру керек. Майды кетіру үшін арнайы аэрозоль заттарын пайдалануға болады.
Электршкафты ол əлі жылы болып тұрған кезде жуу біршама жеңіл. Күйіп жабысқан кірді сулы
матамен сулап жəне жуғыш заттың көмегімен кетіруге болады.
12.2. БОЯЛҒАН БӨЛШЕКТЕРГЕ ЖƏНЕ ЭМАЛЬ ЖАБЫНДЫСЫ БАР БӨЛШЕКТЕРГЕ КҮТІМ
ЖАСАУ ЕРЕЖЕСІ:
Электршкафының ішкі қабаты силикатты эмаль жабындымен жабылған. Қалған көрінетін
бөлшектер бояумен жабылған. «Country» стильінде орындалған қуыру шкафтарында басқару
панелі жəне шкафтың есігіндегі декоративтік қаптама бояумен жабылған
Тазалау құралын пайдаланбастан бұрын кішігірім учаскеде көрінбейтін жерінде жабындының
беріктігін тексерген жөн.
Эмаль жабындымен жабылған бөлшектерді тазалау кезінде боялған қабаттарға арналмаған
заттар бояумен жабылған қабаттарға тимеуіне назар салыңыз.
Боялған қабаттар эмаль қабаттарға қарағанда тазалағыш заттарға берік емес болып келеді,
сол себепті жабынды қабатын қайтарымсыз бүлдіріп алмас үшін, боялған қабаттарды жуу үшін
құрамында еріткіштер, абразивтік материалдар жəне сілті >5% бар жуғыш жəне тазалағыш
заттарды қолданбаңыздар. Болған соң қабатты таза сумен жуыңыз жəне жұмсақ матамен немесе
арнайы майлықпен құрғатып сүртіңіз.
12.3. ТОТ БАСПАЙТЫН БОЛАТТАН ЖАСАЛҒАН БӨЛШЕКТЕРГЕ КҮТІМ ЖАСАУ ЕРЕЖЕСІ
Тот баспайтын болаттан жасалған бөлшектерді асқару панелі мен жабынды) тек осыған
!

Содержание

Похожие устройства

Скачать