Samsung BRB267050WW [75/180] Орнатуға қатысты қатаң ескертулер

Samsung BRB267050WW [75/180] Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
Қазақ 11
Қауіпсіздік туралы ақпарат
- Бұл құрылғыда шамалы мөлшерде изобутан тоңазытқыш
сұйығы (R-600a) бар, бұл - қоршаған ортаға залалсыз
табиғи газ болса да, тұтанғыш газ. Құрылғыны тасымалдау
және орнату барысында салқындатқыш жүйенің ешбір
бөлігіне нұқсан келмес үшін абайлау керек.
Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Тоңазытқышты ылғалды немесе құрылғыға су тиіп кетуі
мүмкін жерге орнатпаңыз.
- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр
тогы соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тура түсетін жерге не пештің,
бөлме қыздырғыштардың немесе басқа құрылғылардың
қызуына тақатып қоймаңыз.
Бірнеше ұялы розеткаға бірнеше құрылғыларды жалғамаңыз.
Тоңазытқышты әрқашан кернеу параметрі, тоңазытқыштың
техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу параметріне
сай келетін электр розеткасына тек өзін жалғау керек.
- Сонда құрылғы тамаша жұмыс істейді және үйдегі электр
желісінің жүктемесінің шамадан тыс артуына, нәтижесінде
сымдар қызып, өрт шығу қатерінің орын алуына жол
бермейді.
Босап тұрған розеткаға ашаны сұқпаңыз.
- Электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін.
Жарылып қалған немесе ұзына бойына нұқсан келген немесе
екі ұшына қатар зақым келген сымдарды қолданбаңыз.
Untitled-5 11 2021-04-06  4:06:16

Содержание