Coolfort CF-0234 [8/16] Қазақша

Coolfort CF-0234 [8/16] Қазақша
8
ҚАЗАҚША
ТЕРМОЭЛЕКТР ТОҢАЗЫТҚЫШ-СӨМКЕ CF-0234
Coolfort фирмасының өнімін сатып алғаныңызға алғысымызды білдіреміз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жете танысып шығыңыз
және тоңазытқышты нұсқаулыққа сәйкес пайдалануға тырысыңыз. Нұсқаулықтықты анықтамалық құрал ретінде сақтап қойыңыз.
ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Пельтье элементтерін қолдана отырып, термоэлектр технологияны қолдануға негізделген тоңазытқыш – жүргізушілер мен спортшылар
үшін ең жақсы таңдау. Сіз пикниктерде, қала сыртына шыққанда, саяхаттар кезінде немесе тіпті жолда пайда болған көлік кептелісі
кезінде салқындатылған сусындардан ләззат ала аласыз. Әмбебап қуаттандыру тоңазытқыштың автомобильде (DC 12 В) жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
СИПАТТАМАСЫ
1. Тоңазытқышқа мұздатылған өнімдерді немесе салқындатылған сусындарды салған дұрыс, сонда олар ұзақ уақыт бойы суық күйде
сақталады. Бөлме температурасындағы өнімдерді және сусындарды суыту үшін 2-3 сағат қажет болады. Қатты жылы өнімдерді және
сусындарды суыту үшін біршама уақыт қажет болады.
2. Аспап жұмыс істеу кезінде шуыл деңгейін нөлге дейін азайтуға мүмкіндік беретін технологияны пайдалану арқылы жасалған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Корпус
2. Салқындатқыш қақпағы
3. Суыту торлары
4. Тасымалдауға арналған сап
5. Басқару панелі
6. Суыту режиміндегі жұмыс индикаторы
7. Жұмыс режимдерінің ауыстырғышы COLD/OFF
8. Автомобильде қосуға арналған қуаттандыру бауы
9. Тұрақты токпен қуаттандыру ұясы 12В
10. Желдеткіш торы
11. Суық ауаның шығу тесіктері
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында берілген пайдалану бойынша басшылықты зейін қойып оқып шығыңыз және оны анықтамалық
материал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы басшылықта баяндалғандай, тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның
бұзылуына әкелуі мүмкін және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.
Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрған кезде жақсы желдету және ауа айналымы қажет.
Аспапты қатты соққылардан қорғаңыз - бұл оның зақымдалуына, детальдарының бұзылуына немесе тізбектің ішкі элементтерінің
үзілуіне әкелуі мүмкін.
Желдету саңылауларына судың тиюіне жол бермеңіз.
Құрылғыны жоғары температура немесе ылғалдылық жағдайында қолданған кезде аспап ішінде ылғал тамшылары пайда болады.
Бұл аспаптың ақаулығын білдірмейді, жай ғана тамшыларды құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғыны кемпингте пайдалануға болады. Аспапқа тікелей күн сәулелерінің әсерін және жауынды тигізбеңіз.
Балалардың қауіпсіздігіне қатысты, қаптама ретінде пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қадағалаусыз қалдырмаңыз
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін балаларды қадағалау керек.
Аспапты өздігінен жөндеуге тыйым салынады. Аспапты өздігіңізден бөлшектемеңіз, кез-келген зақымдану пайда болғанда, сондай-ақ
құрылғы құлаған жағдайда аспапты электр қуаттандырудан ажыратыңыз және кепілдік талоны мен www.coolfort.ru сайтына көрсетілген
байланыс мекен-жайлары бойынша кез-келген авторландырылған (уәкілетті) сервистік орталығына жүгініңіз.
Зақымдануға жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыт қаптамасында тасымалдаңыз.
Құрылғыны құрғақ және салқын, балалар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) немесе оларда тәжірибесі немесе білімі
болмаса, егер олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен аспапты пайдалану туралы нұсқаулықтар
берілген болмаса, аспап олардың пайдалануына арналмаған.
ОСЫ АСПАП ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ҒАНА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
АЛҒАШ ПАЙДАЛУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағдайында тасымалдағаннан немесе сақтағаннан кейін, оны бөлме температурасында
үш сағаттан кем емес уақыт бойы ұстау керек
Құрылғыны қаптамадан шығарып, құрылғының жұмысына кедергі келтіретін қаптама материалдарын алып тастаңыз.
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, зақымдалған жерлері болса құрылғыны пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыз! Тоңазытқышты тасымалдау тұтқасы толығымен түсірілген күйде ғана ашуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
1. Aвтомобильде (12 В) тоңазытқышты қосу үшін бауды (8) пайдаланыңыз.
2. Баудың штекерінің (8) бір шетін тұтатқышқа, ал екінші шетін қуаттандыру ұясына (9) тығыңыз.
3. Ауыстырғышты (7) суықтату күйіне «COLD» орнатыңыз.
4. Тоңазытқыш жұмыс істей бастайды.
5. Аспапты өшіру үшін ауыстырыпқосқышты (7) «OFF» жағдайына қойыңыз және сымды қорек көзінен ажыратыңыз.
6. Тасымалдауға ыңғайлы болу үшін аспап тұтқамен (4) жабдықталған, тік күйінде тұтқасы (4) салқындатқыштың қақпағының (2) ашылу-
ын бұғаттайды.
Ескерту:
Суыту режимінде жасыл индикатор (6) жанатын болады.
Жеткізу жиынтығына тоңазытқыштың ішкі кеңістігін сепарациялауға және өнімдерді бөлек сақтауға арналған бөлгіш тор кіреді.
Торды орнату үшін оны тігінен ұстап, оны ішкі қабырғалардағы арнайы ойықтарға орнатып, тірелгенге дейін төмендету керек.

Похожие устройства

Скачать