Electrolux 300 IPE6440KX [6/56] Пайдалану

Electrolux 300 IPE6440KX [6/56] Пайдалану
ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу және
тоқ соғу қаупі бар.
Алғаш пайдалану алдында барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
қорғағыш таспасын (бар болса)
алыңыз.
Бұл тек үйде ғана пайдалануға
арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Желдеткіш саңылаулардың
бітелмегенін тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыны дымқыл қолмен немесе
суды қолданып тұрған кезде
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу
тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет
электр қатеріне ұшырап қалуға жол
бермейді.
Кардиостимуляторы бар адамдар
құрылғы іске қосылып тұрған кезде
индукциялық пісіру алаңдарынан кем
дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда болу
қаупі бар
Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға тамақ
пісірген кезде қызған заттарды немесе
оттың жалынын алыс ұстаңыз.
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын
бу, кенет жарылыстың орын алуына
себеп болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға қарағанда,
төмен температурада өрт пайда болуға
әкелуі мүмкін.
Тез тұтанатын өнімдерді немесе
жанғыш, дымқыл заттарды құрылғының
ішіне, жанына немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық
әйнек бетіне қоймаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының
бетіне зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке
сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
6 ҚАЗАҚ

Содержание

Скачать