Electrolux SteamCrisp Rococo OPEB2640C [15/72] Желдеткіш

Electrolux SteamCrisp Rococo OPEB2640C [15/72] Желдеткіш
1-қадам Оң және сол жақтағы сөре
сырғытпаларын тартып
шығарыңыз.
2-қадам Тор сөрені бағыттауыш
жолдарға салыңыз да,
пештің ішіне абайлап
итеріңіз.
9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
9.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра
береді.
9.2 Қауіпсіздік термостаты
Тұмшапеш дұрыс жұмыс істемесе
немесе бөлшектерінде ақау бар болса,
қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай
жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш
тоқты кідіртуге арналған термостатпен
жабдықталған. Температура
төмендеген кезде тұмшапеш қайта
автомтты түрде қосылады.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Пісіруге арналған ақыл-
кеңес
Тұмшапештің сөре қойылатын бес
қатары бар.
Сөренің деңгейлерін тұмшапештің
астыңғы жағынан бастап санаңыз.
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе
қуыруы мүмкін. Төмендегі кестелерде
температураға, пісіру уақытына және
сөре орындарына қатысты стандартты
ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған
параметрлерді таба алмасаңыз, ұқсас
біреуін пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің көмегімен
тағамды булы ортада, ішін жұмсақ,
сыртын кітірлек етіп пісіруге болады.
Бұл пісіру уақыты мен қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
ҚАЗАҚ 15

Содержание

Похожие устройства

Скачать