Tefal RK816E32 — мультипісіргіште сорпа мен буға пісіру функциялары [76/93]

Tefal RK816E32 [76/93] Сорпа функциясы
73
KK
СОРПА ФУНКЦИЯСЫ
"Menu" (Мәзір) түймесімен "Soup" (Сорпа) функциясын
таңдаңыз. Экранда әдепкі пісіру уақыты көрсетіліп, "Start"
(Қосу) шамы қызыл түспен жыпылықтайды. Содан кейін "<"
немесе ">" түймесімен азық-түлік түрін таңдаңыз: көкөніс,
балық, құс немесе ет.
"Temperature/Timer" емпература/Таймер) түймесімен уақытты
орнату функциясын қосып, "<" және ">" түймелерімен пісіру
уақытын өзгертіңіз.
"Start" (Қосу) түймесін басыңыз. Мультипісіргіш "Soup" (Сорпа)
күйіне өтіп, "Start" (Қосу) шамы жанады да, экранда қалған
уақыт көрсетіледі.
Тамақ піскенде, үш рет "бип" деген сигнал беріліп, мультипісіргіш
жылуды сақтау күйіне өтеді, "Keep Warm" (Жылуды сақтау)
индикаторы жанып, экранда жылу сақталған уақыт санағы
жүре бастайды.
БУҒА ПІСІРУ ФУНКЦИЯСЫ
"Menu" (Мәзір) түймесімен "Steam" (Буға пісіру) функциясын
таңдаңыз. Экранда әдепкі пісіру уақыты көрсетіліп, "Start"
(Қосу) шамы қызыл түспен жыпылықтайды. Содан кейін "<"
немесе ">" түймесімен азық-түлік түрін таңдаңыз: көкөніс,
балық, құс немесе ет.
"Temperature/Timer" емпература/Таймер) түймесімен уақытты
орнату функциясын қосып, "<" және ">" түймелерімен пісіру
уақытын өзгертіңіз.
"Start" (Қосу) түймесін басыңыз. Мультипісіргіш "Steam" уға
пісіру) күйіне өтіп, "Start" (Қосу) шамы жанады да, экранда
қалған уақыт көрсетіледі.
Тамақ піскенде, үш рет "бип" деген сигнал беріліп, мультипісіргіш
жылуды сақтау күйіне өтеді, "Keep Warm" (Жылуды сақтау)
индикаторы жанып, экранда жылу сақталған уақыт санағы
жүре бастайды.
Буға пісіру бойынша берілетін кеңестер
Судың мөлшері азық-түлікке сәйкес болуы және бу себетіне
жетпей тұруы керек. Бұл деңгейден (ең көбі 2,5 л) асса, су
ағып шығуы мүмкін. Тостағандағы 2 стақан белгісі судың 1 л
шамасына сәйкес келеді.

Содержание

Осы нұсқаулықта мультипісіргіште сорпа мен буға пісіру функцияларын қалай пайдалану керектігін білуге болады. Пісіру уақытын орнату және азық-түлік түрін таңдау туралы ақпарат.

Скачать