LG D285 (L65) [220/384] Негізгі экран

LG D285 (L65) [220/384] Негізгі экран
28
Негізгі экран
Басты экранды реттеу
Негізгі экранды қосымшалар, жүктеулер, виджеттер қосу немесе тұсқағаздарды өзгерту арқылы
реттеуге болады.
Негізгі экранға элементтер қосу үшін
1 Негізгі экранның бос жерін түртіп, ұстап тұрыңыз.
2 Режим қосу мәзірінде қосқыңыз келген элементті таңдаңыз. Содан кейін бұл қосылған элемент
басты экраннан көрінеді.
3 Оны керек жерге алып барып, саусағыңызды алыңыз.
КЕҢЕС! Қосымшалар мәзірінен басты экранға қосымшаның белгішесін қосу үшін
қосылатын қосымшаны түртіп ұстап тұрыңыз.
Негізгі экраннан элементті жою үшін
X Басты экран > жойылатын белгішені түртіп, ұстап тұрыңыз > оны сүйреңіз.
Қосымшаны жылдам перне ретінде қосу үшін
X Қосымшалар мәзірінен немесе негізгі экранда қосымша белгішесін басып тұрып, оны жылдам
перне аумағына алып барыңыз.
Қосымшаны жылдам перне аумағынан жою үшін
X Қажетті жылдам пернені басып тұрып, оны аумағына алып барыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Қосымшалар
(Қолданбалар) пернесін жоюға болмайды.
Негізгі экранда қосымшалар белгішелерін реттеу үшін
1 Қосымша белгішесі ағымдағы орнынан босағанша, оны басып тұрыңыз. Сосын оны экранға
алып барыңыз. Өңдеу белгішесі қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында пайда болады.
2 Қосымша белгішесін қайтадан басып, қажетті белгішенің дизайны мен өлшемін таңдаңыз.
3 Өзгерісті сақтау үшін OK түймесін түртіңіз.
Жақында пайдаланылған қолданбаларға оралу
1 түймесін басып тұрыңыз. Экранда соңғы пайдаланылған қолданбалардың белгішелері
берілген қалқымалы терезе көрсетіледі.
2 Қосымшаны ашу үшін белгішені түртіңіз. Немесе алдыңғы экранға қайту үшін түймесін
түртіңіз.

Содержание