Ставр тб-800л Руководство по эксплуатации онлайн [22/34] 207479

Ставр тб-800л Руководство по эксплуатации онлайн [22/34] 207479
МАЗМҰНЫ
Бензиндік триммер ТБ-800Л тұрмыстық
қажеттіліктер аясындаүй жанындағы
учаскелерде, бақтарда және саябақтарда
жұмыстарға, көгалдарды тегістеу және
қолжетімділігі қиын жерлерден шөптерді
шабу үшін, арам шөптерді және шағын
бұталарды (қалыңдығы 12 мм дейінгі
сабақтармен) шабуға арналған. Сіздің
назарыңызды аталған бау-бақша
техникасының ауыр және кәсіби
жұмыстарға арналмағандығына аудар-
тамыз. Техниканы тағайындалуы бойын-
ша қолданбау кепілдікті жөндеуден бас
тартудың негіздемесі болып табылады.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1. Аталған бұйымды осы нұсқаулықта
аталғандардан басқа кез келген
мақсаттар үшін қолданбаңыз.
2. Бұйымды біліксіз, кәмелеттік жасқа
толмаған немесе бұйымды қолдануға
физикалық қабілеттері жеткіліксіз
тұлғалардың қолдануларына жол
бермеңіз. Бұйымды басқа тұлғаларға
берген жағдайда оны қолдану ережелері
жөнінде толығырақ айтыңыз және
аталған нұсқаулықпен таныстырыңыз.
3. Бұйымды немесе оның жеке-
лей бөліктерін суға немесе басқа да
сұйықтықтарға батырмаңыз.
4. Бұйымды егер жану немесе жарылыс
қаупі бар болған жағдайда, мәселен,
тез жанғыш сұйықтықтар мен газдардың
маңында қолданбаңыз.
5. Бұйымды оның негізгі тұтқасынан
ұстай отырып жылжытыңыз.
6. Бензиндік триммерді қолданушы
тұлға басқа тұлғаларға және оларлың
мүліктеріне қатысты жазатайым
оқиғаларға және бүлінулерге жауапты
болады.
7. Жұмыс аймағында балалардың,
жануарлардың немесе бөгде
тұлғалардың болуларына жол бермеңіз.
8. Бензиндік триммерді жабық неме-
се нашар желдетілетін бөлмелерде
қолдануға және қызмет көрсетуге тыйым
салынады.
9. Аталған үлгідегі триммерге
арналмаған кесуші құралдарды және
саптамаларды қолдануға тыйым салы
-
нады.
10. Бұйыммен жұмыс жасау кезінде
жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
Қажет болған жағдайда арнайы
қолғаптарды, көзілдіріктерді және
құлаққаптарды қолданыңыз.
11. Жұмыс жасау кезінде ешбір бөліктері
бұйыммен жанаспайтындай қолайлы
киімді кию ұсынылады. Сонымен бірге
Сізде қажетсіз салдарларды шақыратын
немесе жұмысқа кедергі жасай алатын
ештеңе жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
12. Триммерді қаптамаларсыз және
жеке қорғаныс құралдарысыз (каска,
қорғаныс бетперде, қолғаптар, берік
тайғанамайтын аяқ киім, құлаққап)
қолдануға тыйым салынады.
13. Өңделуші беттен немесе
бөлшектерден басқа ештеңе бұйымның
қозғалып тұрған бөліктеріне жанаспаула-
ры керек.
14. Бұйымның тоқтап қалуын шақыратын
жүктемеге жол бермеңіз.
15. Іске қосулы бұйымды назарсыз
қалдырмаңыз.
16. Бұйымды ажыратқаннан кейін
бірден салмаңыз, қозғалтқыштың толық
тоқтауын күтіңіз.
17. Бұйымды ұшқындардың, шаң
мен шағын бөліктердің Сіз жаққа
ұшпайтындай етіп ұстаңыз.
18. Тәуліктің қараңғы уақытында немесе
нашар желдетілетін бөлмелерде жұмыс
істеуге тыйым салынады.
19. Триммерді құлама беткейлерде
қолдануға тыйым салынады.
20. Триммерді тек негізгі тұтқаларынан
ғана ұстаңыз.
21. Жұмысты бастаудың алдында
барлық сомындардың, бұрандалардың
және бұрандамалардың сенімді
тартылғандарын тексеріп алыңыз.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ22
KAZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать