LG LGD802 G2 [297/542] Батарея ақпараты және күтімі

LG LGD802 G2 [297/542] Батарея ақпараты және күтімі
11
Батарея ақпараты және күтімі
• Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт емес. Басқа
батарея жүйелерінен өзгеше, батареяның жұмысына қауіп төндіретін жад
әсері жоқ.
• Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз. LG
зарядтағыштары батареяның жарамдылық мерзімін арттырады.
• Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға болмайды.
• Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз. Алмастырудан бұрын
батареяны жүздеген рет зарядтауға болады.
• Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған батареяны
зарядтаңыз.
• Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну бөлмесі
сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
• Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз: жұмысына кері әсер
беруі мүмкін.
• Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда болады.
• Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші нұсқауларын
орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін тапсырыңыз. Үй
қоқысымен бірге тастамаңыз.
• Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының ең жақын
қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек алуға болады.
• Телефон толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын
болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан ажыратыңыз.
• Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім баптауларына,
пайдалану тәсілдеріне, батареяға және қоршаған ортаға байланысты
болады.
• Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың батареяға
тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.
• Қауіпсіздігіңіз үшін, өнімге енгізілген батареяны шығармаңыз.

Содержание

Скачать