LG LGD802 G2 [325/542] Деректермен бөлісу қосылулары

LG LGD802 G2 [325/542] Деректермен бөлісу қосылулары
39
Деректерді Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберу
1 Тиісті қосымшадан немесе Жүктеулер қалтасынан контакт, күнтізбе
оқиғасы немесе мультимедиалық файл сияқты бір файлды немесе
элементті таңдаңыз.
2 Деректерді Bluetooth арқылы жіберу үшін параметрді таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: опцияны таңдау әдісі деректер түрі бойынша әр түрлі
болуы мүмкін.
3 Bluetooth қосылатын құрылғыны іздеңіз және жұптаңыз.
Деректерді Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы қабылдау
1 > > Қосымшалар қойындысын > Баптаулар > Желілер
қойындысын түртіңіз > Bluetooth функциясын Қосулы мәніне орнатыңыз.
2 Қайтадан Bluetooth мәзірін түртіп, басқа құрылғыларға көрінетін ету үшін
экранның жоғарғы жағына құсбелгілер қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Құрылғы көрінетін уақыт ұзақтығын таңдау үшін >
Көріну уақыты өтті тармағын түртіңіз.
3 Құрылғыдан деректерді қабылдағыңыз келсе, Қабылдау түймешігін
басыңыз.
Деректермен бөлісу қосылулары
USB модем және Wi-Fi хотспоты — сымсыз қосылымдар қол жетімді емес
кезде тамаша мүмкіндіктер болып табылады. Телефонның ұялы деректер
қосылымын бір компьютермен USB кабелі (USB-модем) арқылы бөлісуге
болады. Сондай-ақ, телефонның деректер қосылымын бірнеше құрылғымен
бөлісуге болады. Ол үшін телефонды Wi-Fi ену нүктесіне қосу керек.
Телефон деректер қосылымын бөліскенде, күй жолағында белгіше және
хабарландырулар тақтасында ағымдағы хабарландыру пайда болады.

Содержание

Скачать