Samsung UE55F6800AB — қашықтан басқару пультін қайта жалғау және пайдалану нұсқаулары [78/97]

Samsung UE55F6800AB [78/97] Сенсорлық тақтаны пайдалану
Казақ - 6
Smart Touch Control пультін қайта жалғау
<Smart Touch Control жұптастыру түймешігі >
ТД және Smart Touch Control құралының арасындағы байланысты қайта орнату қажет болса, Smart
Touch Control құралының арт жағындағы жұптастыру түймешігін, ТД-дың Қашықтан басқару ресиверіне
бағыттап басыңыз. Smart Touch Control батареясының қақпағын алып, жұптастыру түймешігін табуға
болады. Жұптастыру түймешігін басқанда, басқару құралы мен ТД арасында автоматты түрде байланыс
қайта орнайды.
Батарея қуатының төмендегенін ескерту
Smart Touch Control құралын пайдаланып тұрған кезде батареяның қуаты азайып, индикаторы жыпылықтаса,
бейнебеттің астыңғы сол жағында келесі ескерту терезесі пайда болады. Егер ескерту терезесі пайда болса,
Smart Touch Control батареясын ауыстырыңыз. Ұзақ пайдалану үшін сілті батареяларын пайдаланыңыз.
Батареяларды салу (AAA X 2)
1
2
3
1. Батареяның қақпағын таспаны немесе пластик картаны пайдаланып шамалы көтеріңіз. Содан кейін,
қақпақтың кертігін тырнағыңызбен көтеріп, қақпақты әбден алыңыз.
2. 2 AAA батареяларының оң және теріс полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
3. Батареяның қақпағын қашықтан басқару пультінің арт жағына келтіріп, шеткі жақтары қашықтан басқару
пультіне әбден кіріккенше басыңыз.
Сенсорлық тақтаны пайдалану
Сенсорлық тақтаны әр түрлі функцияларды орындау үшін пайдаланыңыз. Smart Touch Control құралын
пайдалануға қатысты бейнебеттегі нұсқаулықты қарау үшін Оқулық (Бейнебет мәзірі > Жүйе > Құрылғы
менедж. > Smart Touch Control параметрлері > Оқулық) функциясына барыңыз.
Сүйрету Сенсорлық
Сенсорлық тақта үстімен қалаған бағытқа жылжыңыз.
Кезелімді немесе меңзерді саусағыңыз жылжыған бағытпен
жылжытады.
Сенсорлық тақтаны басыңыз. Сонда кезелімдегі элемент
таңдалады.
[UF6470-RU]BN68-04779H-X0L4.indb 6 2013-03-09  10:19:38

Содержание

Smart Touch Control пультін қайта жалғау, батареяларды ауыстыру және сенсорлық тақтаны пайдалану бойынша толық нұсқаулық. Жеңіл әрі тиімді басқару үшін қажетті ақпарат.

Скачать