Kolner KCSD 3,6L [7/10] Пайдалану бойынша басшылық

Kolner KCSD 3,6L [7/10] Пайдалану бойынша басшылық
7
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
KAZ
KCSD 3.6L аккумуляторлық бұрағышы
бұрандамалар, бұрандалы шегелер және басқалар
секілді бекітпе материалдарды бұрап бекітуге/бұрап
шығаруға, сонымен қатар тұрмыстық мұқтаждықтар
аясында ағашта шағын саңылауларды бұрғылап те-
суге арналған. Сіздің назарыңызды аталған құралдың
ауыр және кәсіби жұмыстарға арналмағандығына
аудартамыз. Құралды тағайындалуы бойынша
қолданбау кепілдікті жөндеуден бас тартудың
негіздемесі болып табылады.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1. Аталған бұйымды осы нұсқаулықта
аталғандардан басқа кез келген мақсаттар
үшін қолданбаңыз.
2. Бұйымды біліксіз, кәмелеттік жасқа толмаған
немесе бұйымды қолдануға физикалық
қабілеттері жеткіліксіз тұлғалардың
қолдануларына жол бермеңіз. Бұйымды басқа
тұлғаларға берген жағдайда оны қолдану
ережелері жөнінде толығырақ айтыңыз және
аталған нұсқаулықпен таныстырыңыз.
3. Бұйымды немесе оның жекелей бөліктерін
суға немесе басқа да сұйықтықтарға
батырмаңыз.
4. Бұйымды егер жану немесе жарылыс қаупі
бар болған жағдайда, мәселен, тез жанғыш
сұйықтықтар мен газдардың маңында
қолданбаңыз.
5. Бұйымды оның негізгі тұтқасынан ұстай оты-
рып жылжытыңыз.
6. Бұйымды іске қосулы күйде жылжытпаңыз.
7. Жұмыс аймағында балалардың,
жануарлардың немесе бөгде тұлғалардың бо-
луларына жол бермеңіз.
8. Желі параметрлерінің бұйымда және аталған
нұсқаулықта көрсетілген параметрлерге
сәйкес екендіктеріне көз жеткізіңіз.
9. Бұйымды желіге ажыратқыш «Сөнд» күйінде
тұрғандығына көз жеткізгеннен кейін ғана
қосыңыз.
10. Бұйыммен жұмыс жасау кезінде жеке қорғаныс
құралдарын қолданыңыз. Қажет болған
жағдайда арнайы қолғаптарды, көзілдіріктерді
және құлаққаптарды қолданыңыз.
11. Жұмыс жасау кезінде ешбір бөліктері
бұйыммен жанаспайтындай қолайлы киімді
кию ұсынылады. Сонымен бірге Сізде қажетсіз
салдарларды шақыратын немесе жұмысқа
кедергі жасай алатын ештеңе жоқ екендігіне
көз жеткізіңіз.
12. Сенімсіз бекітілген өңделуші бөлшекпен
немесе тұрақсыз бетпен жұмыс жасау
ұсынылмайды. Өңделуші бетті немесе
бөлшектерді сенімді бекітумен қамтамасыз
етіңіз, мәселен, қысқыштың көмегімен,
13. Өңделуші беттен немесе бөлшектерден
басқа ештеңе бұйымның қозғалып тұрған
бөліктеріне жанаспаулары керек.
14. Бұйымның тоқтап қалуын шақыратын
жүктемеге жол бермеңіз.
15. Іске қосулы бұйымды назарсыз қалдырмаңыз.
16. Бұйымды ажыратқаннан кейін бірден
салмаңыз, қозғалтқыштың толық тоқтауын
күтіңіз.
17. Зарядтау құрылғысының желілік кабелін қызу
көздерінен, майдан және өткір заттардан алыс
ұстаңыз.
18. Аккумуляторлы құралды зарядтаудың ал-
дында желі параметрлерінің бұйымда және
аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген параметрлерге сәйкес
келетіндіктеріне көз жеткізіп алыңыз.
19. Зарядтаудан кейін аккумуляторлық құрылғыны
әрқашан желіден ажыратып отырыңыз.
20. Желіге аккумуляторлық құрылғы арқылы
қосылған бұрағыш әрдайым сіздің
назарыңызда болуы керек. Оны 5 сағаттан
артық желіде қалдырмау керек.
21. Сіздің бұйымды қолданбаған кезіңізде
оны әрдайым электр желісінен ажыратып
отырыңыз, сонымен қатар:
- кез келген ақаулықтар кезінде;
- құрал-сайманын ауыстырудың немесе
тазалаудың алдында;
- жұмыс аяқталғаннан кейін.
22. Бұйымды оны құлап қалғаннан кейін неме-
се егер онда бүлінудің қандай да болмасын
іздері көрінсе қолданбаңыз. Диагностика мен
жөндеу үшін авторландырылған сервистік
орталықпен хабарласыңыз.
23. Жөндеу және техқызметкөрсету аталған
нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асырылуы
керек.
24. Жөндеу және техқызметкөрсету үшін тек
авторландырылған сервистік орталықтарға
жүгініңіз.
25. Бұйымды бүлдіруі мүмкін жуғыш заттар-
ды қолданбаңыз (бензин немесе басқа да
агрессивтік заттар).
26. Балаларға бұйымға жанасуға рұқсат бермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
АТАЛҒАН БҰЙЫМДЫ АЛКОГОЛЬДІК НЕМЕ-
СЕ ЕСІРТКІЛІК МАСАЙҒАН КҮЙДЕ НЕМЕ-
СЕ ШЫНДЫҚТЫ ОБЪЕКТИВТІ ҚАБЫЛДАУҒА
КЕДЕРГІЖАСАЙТЫН БАСҚА ДА ШАРТТАР-
ДА ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ, ЖӘНЕ
БҰЙЫМДЫ ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ЖӘНЕ
ШАРТТАРДАҒЫ АДАМДАРҒА СЕНІП ТАПСЫРУҒА
БОЛМАЙДЫ!

Похожие устройства

Скачать