LG P970 [206/238] Телефонмен танысу

LG P970 [206/238] Телефонмен танысу
2
Телефонды жөндеуге апармай
және қызмет өкіліне хабарласпай
тұрып, ақаулықтың осы бөлімде
сипатталмағанына көз жеткізіңіз.
1. Телефон жады
Қосымша жадты қол жетімді ету
үшін бағдарламаларды басқару
және бағдарламалар немесе
хабарлар сияқты біраз деректерді
жою керек болады.
Қолданбаларды жою үшін:
1 > Қосымшалар қойындысын
түртіп > Жүйе баптаулары >
Қосымшалар тармағын түртіңіз.
2 Барлық қолданбалар
көрсетілгенде, жойылатын
қолданбаға өтіп, оны таңдаңыз.
3 Жою түймесін түртіңіз.
2. Батареяның қызмет
мерзімін оңтайландыру
Фонда үздіксіз қосылып тұруы
қажет емес мүмкіндіктерді өшіріп,
зарядтау уақыты арасында
батареяның жұмыс мерзімін
ұзартуға болады. Қолданбалар
мен жүйелік ресурстардың батарея
қуатын пайдалану тәсілін реттеуге
болады.
Телефон батареясының жұмыс
мерзімін ұзарту:
Пайдаланбайтын радио
байланыстарын өшіріңіз. Егер
Wi-Fi, Bluetooth немесе GPS
функциясын қолданбасаңыз,
оларды өшіріңіз.
Экранның жарықтығын азайтып,
экранның сөнетін мерзімін
қысқартыңыз.
Gmail™, Күнтізбе, Контактілер
және басқа қолданбалардың
автоматты қадамдастырылу
мүмкіндігін ажыратыңыз.
Жүктеп алынған кейбір
қолданбалар батареяның қуатын
азайтуы мүмкін.
Батарея зарядының деңгейін
тексеру үшін:
> Жүйе баптаулары > ЖҮЙЕ
ішіндегі Телефон ақпараты >
Батарея тармағын түртіңіз.
Батарея күйі (зарядтау немесе
зарядталып жатқан жоқ) және
деңгейі (зарядталған деңгейі)
көрсетіледі.
Телефонмен танысу
Телефонды пайдалануды бастамай тұрып, осыны оқыңыз!

Содержание

Скачать