LG P970 [211/238] Телефонды компьютермен

LG P970 [211/238] Телефонды компьютермен
7
8. Телефонды компьютермен
қадамдастыру
Құрылғы мен компьютердегі
деректерді LG PC Suite
бағдарламалық құралын
пайдаланып оңай үндестіруге
болады. Контактілер, кестелер
мен бетбелгілерді қадамдастыруға
болады.
Іс реті мынадай:
1 Құрылғыны компьютерге
қосыңыз (USB кабелін
немесе Wi-Fi қосылымын
пайдаланыңыз).
2 Жалғағаннан кейін
бағдарламаны іске қосып,
экранның сол жағындағы
санаттан құрылғы бөлімін
таңдаңыз.
3 Таңдау үшін [Жеке ақпарат]
түймесін басыңыз.
4 Үндестіру қажет мазмұнға
құсбелгілер қойып, Sync
(Үндестіру) түймесін басыңыз.
9. Телефонды компьютерге
USB арқылы қадамдастыру
ЕСКЕРТПЕ. Телефонды USB
кабелі арқылы компьютермен
қадамдастыру үшін,
компьютерге LG PC Suite
бағдарламасын орнату керек.
LG PC Suite бағдарламасын
орнату үшін алдыңғы беттерді
қараңыз.
1 Сақтау құралын тексеріп алу
үшін > Жүйе параметрлері
> ҚҰРЫЛҒЫ қосымша бетінен
Сақтау орны тармағын түртіңіз.
(Файлдарды жад картасына
немесе одан тасымалдағыңыз
келсе, телефонға жад картасын
салыңыз.)
2 Телефонды USB кабелі арқылы
компьютерге қосыңыз.
3 USB байланыс режимдерінің
тізімі пайда болады; соның
ішінде Media sync (MTP) (Медиа
синхрондау (MTP)) параметрін
таңдаңыз.

Содержание

Скачать