Bosch PKP 3,6 LI (0603264620) [41/84] Техникалық күтім және қызмет

Bosch PKP 3,6 LI (0603264620) [41/84] Техникалық күтім және қызмет
Қaзақша | 41
Bosch Power Tools 1 609 92A 0PG | (18.6.14)
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Назар аударыңыз! Күту немесе тазалау
жұмыстарынан алдын желімдеу пистолетін
өшіріңіз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін желімдеу
пистолетін таза ұстаңыз.
Салынған желімдеу қаламын 4 желімдеу пистолетінің
артынан шығару мүмкін емес.
Желім қатқаннан соң оны өтпейтін затпен жою мүмкін.
Тазалау үшін ешқатдай ерітінділерді пайдаланбаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде желімдеу пистолетінің немесе
зарядтау құралының зауыттық тақтайшасындағы 10-
санды өнім нөмірін жазыңыз.
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош“
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.
Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату
Желімдеу пистолетін, зарядтау құралын, оның
жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны
қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.
Желімдеу пистолетін, зарядтау құралын және
аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына
тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша
жарамсыз электр құралдары және
Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша
зақымдалған немесе ескі аккумулятор/
батареялар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:
Біріктірілген аккумуляторларды тек кәдеге жарату
үшін сақтауға болады. Корпус қаптамасын ашу
желімдеу пистолетінің бұзылуын туындатуы мүмкін.
Аккумулятор заряд күйі индикаторы 8 қызыл реңде жанса
аккумуляторды зарядсыздандырыңыз. Корпустың барлық
бұрандалы шегелерін шығарып корпус қаптамасын
ашыңыз. Аккумулятор контактілерін ажыратып
аккумуляторды шығарыңыз.
Литий-иондық:
„Тасымалдау“ тарауындағы, 41
бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
OBJ_BUCH-1684-003.book Page 41 Wednesday, June 18, 2014 1:13 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать