Bosch Дрель-шуруповерт GSR 180-Li (06019F8120),Адаптер GAA 18V-24 [33/38] Техникалық күтім және қызмет

Bosch Дрель-шуруповерт GSR 180-Li (06019F8120),Адаптер GAA 18V-24 [33/38] Техникалық күтім және қызмет
Қазақша | 33
Bosch Power Tools 1 609 92A 34M | (15.9.16)
Пайдалану түрін орнату
Бұрғылау
GSR 140-LI, GSR 180-LI:
Бұрау моментін алдын ала таңдау бұрама
реттегішін 3 керекті бұрау моментіне реттеңіз.
GSB 140-LI, GSB 180-LI:
Жұмыс түрлерін ауыстырып-қосқышты 4
“Бұрғылау” белгісіне реттеңіз.
Бұранданы бұрау
GSR 140-LI, GSR 180-LI:
Бұрау моментін алдын ала реттеу бұрама
реттегішін 3 “Бұрау” белгісіне бұраңыз.
GSB 140-LI, GSB 180-LI:
Жұмыс түрлері ауыстырып-қосқышын 4
“Бұрау” белгісіне реттеңіз.
Перфоратормен жұмыс істеу
(GSB 140-LI, GSB 180-LI)
Жұмыс түрлері ауыстырып-қосқышын 4
“перфораторлық бұрғылау” белгісіне
реттеңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 11 басып
тұрыңыз.
Жарық диоды 9 косқыш/өшіргішті 11 жартылай немесе
толық басылғанда жанып жетерлік жарықтық жағдайында
бұрап кіргізу жайын жарықтандырады.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 11 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 11 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
Айналдыру моментін орнату
Айналдыру моментін орнату сақинасының 3 көмегімен
20 деңгей ішінен қажет айналдыру моментін таңдауға
болады. Реттелген бұрау моменті жетілгенде электр
құралы тоқтайды.
Берілістің механикалы таңдалуы
Беріліс ауыстырып-қосқышынын 5 тоқтауда
немесе жұмыс істеп тұрған электр құралында
қозғалту мүмкін. Бірақ оны толық жүктелу немесе
максималды айналымдар санында қылу мүмкін
емес.
1-жылдамдық
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрлерімен
жұмыс істеу үшін.
2-жылдамдық
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
бұрғылау үшін.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық
жүктелмейді. Қатты жүктелуде немесе рұқсат етілген
аккумулятор жұмыс температурасының аймағынан артып
электр құралы өшіп жарық диод электр құралында
жыпылықтайды. Жұмысты жалғастырудан алдын электр
құралын суытыңыз.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор “Electronic Cell Protection
(ECP)” арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Жылдам өшіру
Жылдам өшіру электр құралының дұрыс басқарылуына
мүмкіндік береді. Кездейсоқ және күтілмеген ретте электр
құралы бұрғы айналасында айналса электр құралы өшеді.
Жылдам өшіру электр құралында жарық диод
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті жіберіп қайта
пайдаланыңыз.
Жылдам өшу тек электр құралдын максималды
жұмыстық айналымдар санымен жұмыс істеп
бұрғылау машинасының осінде еркін айналғанда
ғана жұмыс істеуі мүмкін. Ол үшін сәйкес күйді
таңдаңыз. Әйтпесе жылдам өшіру қосылмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Беріліс ауыстырып-қосқышын немесе пайдалану
түрінің ауыстырып-қосқышын тірелгенше
жылжытыңыз немесе айналдырыңыз. Әйтпесе
электр құралын зақымдау мүмкін.
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Бұрауыш биталарын немесе әмбебап бита ұстағышын
алып тастау үшін көмек сайманды пайдалануға болады.
Шаңы көп қоршауда жұмыс істегенде электр
құралы істемей қалуы мүмкін. Егер электр құралы
кездейсоқ істемей қалса, көмір қылшықты шешіп
оны тексеріңіз (“Көмір қылшақты алмастыру”
бөлімін қараңыз).
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
OBJ_BUCH-3028-001.book Page 33 Thursday, September 15, 2016 10:18 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать