Град-М ПД-160 [9/24] Аралау дискілерін қолдану

Град-М ПД-160 [9/24] Аралау дискілерін қолдану
13
ген жұмыстарды жүргiзбес бұрын немесе электр ас-
пабын сақтауға қояр алдында ашаны электр қорегi
көзiнен ажырату қажет. Бұл қауiпсiздiктiң алғышартты
шаралары электр аспабының ерiктен тыс қосылу
қауiпiн азайтады;
г) қолданылатын электр аспабын балалардың
қолы жетпейтiн жерде сақтаңыз жəне осы электр
аспабымен
жəне оны қолдану бойынша нұсқамамен
таныспаған тұлғаларға сенiмдемеңiз. Оқытылмаған
тұлғалар қолындағы электр аспабы қауiп туғызады;
д) электр аспабының техникалық қызметiн жүргiзу
қажет. Өзара əрекеттесетiн бөлшектер жұмысының
синхрондығын, зақымдалған бөлшектер мен электр
аспабының жұмысына əсер етуi мүмкiн басқа
да сəттердi тексеру керек. Қолданар алдында
зақымдалған электр аспабын жөндеуден өткiзу қажет.
Қайғылы жағдайлардың көпшiлiгi электр аспабының
нашар қызметiнен туындаған;
е) кесетiн аспапты өткiр жəне таза қалпында
ұстаңыз. Өткiр кесушi бөлшектерi бар аспап дұрыс
қызмет еткен жағдайда сыналануға кем дəрежеде
бейiм, онымен жұмыс iстеу жеңiл;
ж) электр аспабын
, оның саймандарын, жұмыс сап-
тамаларын жəне т.б. осы нұсқамаға жəне жұмыс та-
лаптары мен орындалатын жұмыс түрлерiн назарға
ала отырып, əр электр аспабының өзiне тиiстi
нұсқамаларына сəйкес қолданыңыз. Электр аспа-
бын көрсетiлiмiне сай қолданбау қауiптi жағдайларға
əкелуi мүмкiн.
5. Қызмет көрсету
Электр
аспабына қызмет көрсету жəне жөндеу
жұмыстарын тек сəйкес қосымша бөлшектердi пай-
даланатын бiлiктi маман ғана жүргiзуi қажет. Бұл
электр аспабының сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiне кепiл
болады.
Жұмыс алдында келесілерге көзіңізді
жеткізіңіз:
бұйымның электр қозғалтқышы қоректендіру
көзінің кернеуі қоректендіру желісінің кернеуіне
сəйкес келеді;
розетка, ұзартқыш, қоректендіру бауы жəне
олардың ашалары ақаусыз, электр оқшаулау
зақымдалмаған;
жылжымалы қорғаныс қабық кідкірместен немесе
желінбестен еркін ашылып, жабылады, (жылжымалы
қабықтың қиындықпен ашылуы оның зақымдалуы
мен кір немесе үгінділердің толуына байланысты);
өңделетін дайындалған зат мықтап бекітілген (оны
қолға ұстау жəне т.с.с қимылға тиым салынады);
дайындалған нəрсенің аралау аймағында
бұйымның дұрыс жұмысына кедергі келтіретін шеге
жəне сол сияқты заттар болмайды;
таңдалған аралау тереңдігі мен бұрышының
аумағы тиісті тұтқалармен мықтап бекітіледі (егер
аралау барасында тереңдік пен бұрыш еріксіз түрде
өзгерсе, бұл жағдай дискінің сыналауына əкеліп
соқтырады);
бұйымның өшіргіші «Өшірілген» күйде тұрады.
Аралау дискілерін қолдану
Дискіні орнату розеткадан ашаны суырып
отырыңыз.
Дискіні бекіту үшін тек жиынтыққа кіретін
тығыршықтар мен болтты қолданыңыз.
Аралау дискісіндегі ең көп айналым жылдамдығы
бұйым айналдырығының ең көп айналым
жылдамдығынан артық болуы керек.
Дискінің орнату өлшемдері аталған бұйым
өлшемдеріне сəйкес келуі керек, дискіні орнату үшін
аралықтарды пайдалануға тиым салынады.
Зақымдалған
жəне бұзылған дискілерді
пайдаланбаңыз.
Бұйымға кескіш жəне тегістейтін абразив
дискілерді орнатпаңыз.
Жұмыс барысында:
Бөлменің сыртындағы жұмыстар барысында
бұйымды қорғаныс өшіру құрылғысы арқылы қосу
қажет (макс. Кему тоғы – 30 мА); сонымен қатар,
бөлмелерден тыс қолдансқа арналған ылғалдан
қорғалған ұзартқыш қолданған жөн.
Аса ұзын ұзартқыштарды қолданбаған абзал. Текше
орамға оралған ұзартқышты қолдану барысында ол
толық тарқатылуы қажет.
Қоректендіру бауына сақ болыңыз: ол бұйымның
қозғалмалы бөліктерінің
жанында болмауы қажет.
Жоғары ылғалдылық жағдайында жұмыс істеге
тиым салынады (жаңбыр, тұман, бу, қар көшкіні жəне
т.б.).
Жұмыс орнында тез тұтанғыш заттрады сақтауға
болмайды.
Қозғалмалы қабықты ашық күйде бекітуге болмайды.
Қозғалмалы қабықты ашық күйде ұстауға тек күрделі
аралауды орындау барысында материалға кесу кезінде
ғана ұстауға болады. Диск өңделетін
материалға кірген
кезде-ақ, қабықты жібере салыңыз.
Тұрақты күйде тұрыңыз. Араны басыңыздан жоғары
ұстап тұрып, жұмыс істемеңіз.
Өшіргішті «Қосулы» күйге ауыстырғанда,
айналдырықтың толық айналымға кіргенге шейін күте
тұрып, содан кейін ғана аралауға кірісіңіз.
Екі қолыңызбен бұйымның оқшауланған жерлерінен
ұстаңыз: бұл жұмыс барысында қолды жарақаттап
алудың алдын алып жəне жасырын
электр өткізгіштің
аралау дискісіне кездейсоқ ұрынып қалудан сақтайды.
Аралау кезінде араланатын дайындықтың төменгі
бетінен қашық тұрыңыз: əйтпесе ол жарақаттауға
əкеліп соқтырады.
Дискінің сыналануы мен қозғалтқышқа салмақ
түсірмеу үшін бұйымға аса қатты салмақ түсірмеңіз.
Араланатын дайындықтың қалыңдығы сіздің
бұйымыңыздың аралау тереңдігінен кішірек болуға
тиіс.
Аса кішкентай дайындықтарды араламаңыз.
Жанаспа
бағыттаушыны пайдалануға кеңес
беріледі: бұл жағдай ұқыпты аралауға себін тигізіп,
дискінің сыналану мүмкіндігін азайтады.
Аралау дискісі қысылып, немесе сыналанып қалса
бұйым өшіргішін жіберіп, дискінің толық тоқтауын
күте тұрыңыз, содан кейін ғана қажетінше аралауды
тоқтатып, бұйым өшіргішін жіберіп, содан кейін ғана
бұйымды дайындықтан шығарып алыңыз. Дискі
айналып тұрғанда араны дайындықтан суыруға
болмайды.
Үзілген аралауды жалғастыру үшін дискіні ара

Содержание

Похожие устройства

Скачать