Patriot ESP 1614 [22/31] Кіріспе

Patriot ESP 1614 [22/31] Кіріспе
КІРІСПЕ
23
«PATRIOT» сауда белгісінің электрлі шынжырлы арасын сатып алғаныңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы Нұсқаулықта PATRIOT құралының техникалық қызмет көрсетуі мен соған қатысты жұмыстар тура-
лы қажетті ақпараттар келтірілген. Құралды пайдаланар алдында Нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз. Нұсқаулықпен
таныспаған адамды құралмен жұмыс істетпеңіз. Осы Нұсқаулық заттың бөлігі болып табылады және сатып алушыға міндетті
түрде берілуі керек.
Электрлі шынжырлы ара – бұл сүрекпен жұмыс істегенде, ыңғайлы және тиімді құрал. Біздің компания инженерлері тербеліске қарсы,
жетектерді майлау, шынжыр тежегіштері жүйелерінің ең заманауи технологиялары қолданды, өзіндік майлау желісін шығарды және
тағы да басқалары.
Шынжырлы арамен жұмыс істеу барысы Сізге жағымды және нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіздік техникасының шараларын сақтағанда
қауіпсіз болуы үшін тырысамыз. Алайда, араны дұрыс пайдаланбаған кезде, Сіздің және Сізді қоршаған адамдардың да денсаулығы мен
өміріне қауіп төнетіні туралы ұмытпағаныңыз жөн.
Нұсқаулықта құрастыру, іске қосу және техникалық қызмет көрсету барысы егжей-ьегжейлі сипатталған. Біздің нұсқаулықпен жақсылап
танысып шықсаңыз, шынжырлы ара Сізге ұзақ жылдарға қызмет етеді, үйдің жанындағы телімдерде, ағаштан аз қабатты құрылыстарды
салу жұмыстарында сенімді көмекші бола алады. Біз Сізге үздіксіз жұмыс пен сол жұмыстан ерекше ләззат алатыныңызға кепілдік
береміз!
Іске асыру шарттары
Құрал мен заттарды бөлшектеп сату су тимейтіндей, өнімнің бүтіндігін ұамтамасыз ететін дүкендерде, дүкендердің бөлімшелері мен
секцияларында, павильондар мен дүңгішектерде іске асады.
Сатып алу-сату барысын іске асырғанда, тауарды сататын тұлға сатып алушының көзінше тауардың түрін, оның құрамы мен жұмыс істеу
қабілетін тексеріп шығады. Мүмкіндігінше кепілдік талонында белгі қойып, кепілдік түбіртегін қосып береді. Құрастыру, қосу ұйымдары
мен қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайы туралы ақпараттарды ұсынады.

Содержание

Скачать