Patriot ESP 1614 [23/31] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

Patriot ESP 1614 [23/31] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ МЕН ТАҒАЙЫНДАУ / ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
24
ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ МЕН ТАҒАЙЫНДАУ
Тағайындау
Шынжырлы электрлі ара электрлі қозғалтқышты қозғалысқа
келтіретін жылжымалы аралы шынжыр арқылы сүректі, кішкентай
ағаштарды арамен кесуге арналған.
Қолдану аймағы
Құрал ауаның тозаңдануы аз, атмосфералық жауын-шашынның
тікелей әсері жоқ және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%-
дан аспайтын, температурасы -10°С-тан +40°С-қа дейінгі қалыпты
климатты аудандарда жұмыс істеу үшін ұсынылады.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
1. Электрлі араны тек тағайындау бойынша ғана қолданыңыз.
2. Араны жаңбыр жауғанда және ауаның жоғары ылғалдылығында
қолданбаңыз. Бүлінген ұзартқыштарды, шоғырсымдарды
пайдаланбаңыз.
3. Жұмысты бастар алдында электрлі араның толығымен дұрыс
жиналғанына көзіңізді жеткізіп алыңыз.
4. Жұмыс істеп тұрған электрлі араны қараусыз қалдырмаңыз. Егер
жұмыс барысында айналаңызда балалар ойнап жүрсе, аса мұқият
болыңыз. Қараусыз қалдырған кезде, сондай-ақ жұмысыңыз
аяқталғанда, тазалайтынның алдында немесе тасымалдау бары-
сында құралды сөндіріп қойыңыз.
5. Электрлі араны сақтау және тасымалдау кезінде үнемі аралау
механизмі үшін қорғаныс қабатын қолданыңыз.
6. Құралды суға немесе кез-келген басқа сұйықтықтың ішіне
салмаңыз.
7. Араның шынжыры мен шинасының дұрыс екендігін және
араның өзі бүлінбегендігін әрдайым тексеріп тұрыңызү Қандай
да бір бүлінген жерлерін байқасаңыз, дереу араны пайдалануды
тоқтатыңыз. Араны жақын арадағы қызмет көрсету орталығына
тексеруге және жөндеуге апарыңыз.
8. Арамен жұмыс істеу барысында шоғырсымның күйін бақылап
отырыңыз. Оны үнемі араның жұмыс істеп тұрған шынжыры-
нан қашықтықта ұстаңыз, оны керілген күйінде ұстамаңыз және
ұзартқыш шоғырсымдар мен оның байланыстырғыштары суға не-
месе басқа да сұйықтықтардың ішіне түсіп кетуіне жол бермеңіз.
9. Жалаңаш қолыңызбен жұмыс істегенге дейін де, жұмыс
істегеннен кейін де электрлі араның шынжырлы арасын ұстамаңыз.
10. Электрлі араны балаларға және қозғалыс қызметі зақымдалған
адамдарға, сондай-ақ алкогольді ішімдік ішкен, есірткінің әсерінен
масайған, дәрі қабылдаған тұлғаларға қолдануға болмайды.
11. Құралға жасалатын жөндеу жұмыстарының кез-келген түрі не-
месе қызмет көрсету түрлері, тазалаудан басқасы, арнайы қызмет
көрсету орталықтарында жүргізілуі керек.
12. Аралау механизмі жақсы майлану керек. Нашар майланған
шынжыр істен тез шығады және шиналары мен жетекші
жұлдызшасы да тез бүлінеді.
13. Ара шынжырының дұрыс созылғанын тексеріп тұрыңыз. Шын-
жыры дұрыс созылмаса, сырғанау және үзілу қаупі бар.

Содержание

Скачать