Polaris PVC 2016 [31/36] Тазарту және күтім

Polaris PVC 2016 [31/36] Тазарту және күтім
31
3. Құралды іске қосу үшін шаңсорғыштың корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасына
басыңыз.
Сору күшін реттеу
4. Сіз шаңсорғыштың сору күшін екі түрлі тәсілмен реттей аласыз:
- Сіз шаңсорғыштың сору күшін құбыршектің тұтқасында орналасқан ауа ағының реттеуіштің
көмегімен реттей аласыз. Нәзік материалдар үшін минималды сору күшін қолдануға кеңес беріледі,
ол үшін реттеуіштің жапқышын барынша ашыңыз. Матрас, жиһаз жабыны мен кілемді тазарту
барысында реттеуіштің жапқышын орта қалыпқа орнатыңыз. Реттеуіштің жапқышы жабық
күйінде тақта, ағаш және өге де қатты жабындар тазартылады.
- құралдың корпусындағы қозғалтқыштың қуаттылығын реттейтін тетігі арқылы реттей аласыз.
Реттеуіш тетігін сағат тілінің бағытымен бұрау қозғалтқыштың айналымын бірқалыпты түрде
ұлғайтады, сағат тіліне қарсы бұрау - азайтады.
Сору күшін тазарту үдерісі барысында ауыстыруға болады.
5. Жұмысты аяқтап болған соң құралды оның сыртқы корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ
батырмасына басу арқылы сөндіріңіз, содан соң шаңсорғышты желіден ажыратыңыз. Сымды орау
үшін автоматты түрде жинау батырмасына бір қолмен басыңыз да, екінші қолыңызбен сымды
қабылданатын құрылғыға біркелкі бағыттаңыз.
ШАҢДЫ ЖИНАУДЫҢ ЦИКЛОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ
Циклондық жүйе шаңды жинауға арналған қаптың болуын талап етпейді. Шаң бөліктері ауа
ағыны арқалы шаң жинауышқа сорылады. Ауа шаң жинауыштың шығысында орналасқан
қорғаныс HEPAсүзгіші арқылы тазаланады.
Ескертпе!
Құралды ешқашан сүзгішсіз, сондай-ақ бүлінген немесе тазартылмаған сүзгіш орнатылған
күйінде пайдаланбаңыз. Әйтпесе шаң тікелей моторға өтіп, құрылғының бүлінуіне әкеп
соғады. Егер жұмыс барысында сүзгілер ластанып қалғандығын білдіретін индикаторы
жанып тұрса құралды сөндіріңіз, содан соң сүзгіштерді тазартыңыз.
8. Тазарту және күтім
Шаң жинағышты тазарту.
1. Құралды сөндіріңіз, содан кейін оны розеткадан ажыратыңыз. Құралды желіден ажырату
барысында оның желілік сымнан емес, штепсельді ашадан ұстаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать