Indesit EWSC 51051 B [21/24] Персонализацияланған бейімдеулер

Indesit EWSC 51051 B [21/24] Персонализацияланған бейімдеулер
21
KZ
Температураны реттеу
Кір жуу температурасын реттеу ТЕМПЕРАТУРА реттегіш көмегімен жүргізіледі («Программалар кестесін» қара.).
Температура мәні суық суда жууға дейін төмендетілуі мүмкін ( ).
Машина әрбір программа үшін көзделген максималды мәннен артық мәнді автоматты түрде жібермейді.
! Қиыс жағдай:
4 бағдарламасы таңдалса, температураны 60°C-қа дейін көтеруге болады.
Сығу реттеу
Таңдалып алынған программаның сығу жылдамдығын таңдау СЫҒУ жылдамдығын реттегіштің көмегімен
жүргізіледі. Әр түрлі программалар үшін сығудың әр түрлі максималды жылдамдығы қарастырылған.
Программалар Сығудың максималды жылдамдығы
Мақта минутына 1000 айналым
Синтетикалық маталар минутына 1000 айналым
Жүн минутына 800 айналым
Жібек Сығусыз
Сығу жылдамдығы төмендетілуі мүмкін немесе реттегішті қалпына бұрағанда мүлде тоқтатылуы мүмкін.
Машина әрбір программа үшін көзделген максималды жылдамдықтан артық жылдамдыққа автоматты түрде
жібермейді.
Қосымша функциялар
Машинаның әр алуан кір жуу қызметтері сіздің жуатын бұйымдарыңыздың қалаулы тазалығына және ақтығына қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Қызметтерді таңдау тәртібі:
1. Өзіңізге қажетті функцияның батырмасын басыңыз;
2. Сәйкес батырманың іске қосылуы функцияның активтендірілгенін білдіреді.
Ескерту:
- Егер таңдалып алынған функция берілген программамен үйлеспейтін болса, сәйкес индикатор өшіп-жана
бастайды да, мұндай функция іске қосылмайды.
- Егер алдында таңдалып алынған функциямен сәйкес келмейтін функция таңдалса, онда алдыңғы таңдалып
алынған функцияның индикаторы өшіп-жана бастайды да, екінші қосымша функция ғана қосылады, қосылған
функцияның индикаторы жанады.
қолдануға болатын жағдайларда, өте кір бұйымдар үшін опциясын қосыңыз. Осы опцияны басып, циклге
барлық жуу параметрлерін автоматты түрде қайта реттеп, ұзағырақ орындалуына мүмкіндік беріңіз. Бұл опция
температураны өзгертпейді, ал сығу циклін автоматты түрде ең жоғары деңгейге реттейді. Пайдаланушы сығу циклін
кез келген уақытта қажетті мәнге қайта реттей алады.
Қосымша шаю
Бұл функцияны таңдағанда шаю тиімділігі жоғарылайды, кір жуғыш құрал барынша кетіріледі. Бұл құрал кір
жуғыш құралдарға сезімтал терілі адамдар үшін өте қолайлы.
опциясы мақта және синтетикалық бұйымдарды жуып, қуат үнемдеу арқылы қоршаған ортаны сақтауға
көмектеседі. Қуат үнемдеу кезінде салқын сумен жуу циклі қолданылады, ал күшейтілген механикалық шаралар
мен су мөлшерін оңтайлы қолдану арқасында қажетті нәтижеге қол жеткізіледі. Сәл кірленген киімдерді жуу үшін
қолданған жөн. Сұйық жуғыш зат қолданған жөн.
Кейінге қалдыру таймері
Циклді қосуды 12 сағатқа дейін тоқтата алады.
Тоқтатудың қажетті мәніне сәйкес келетін индикатор жанғанға дейін батырманы бірнеше рет басыңыз. Бесінші рет
басқанда функция өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: ҚОСУ / ӨШІРУ батырмасын басу арқылы кейінге қалдыру мәнін азаю жағына қарай өзгертуге болады.
Персонализацияланған
бейімдеулер

Содержание

Скачать