Indesit IWSB 5095 1 [31/72] Персонализацияланған бейімдеулер

Indesit IWSB 5095 1 [31/72] Персонализацияланған бейімдеулер
31
KZ
Температураны реттеу
Кір жуу температурасын реттеу ТЕМПЕРАТУРА реттегіш көмегімен жүргізіледі («Программалар кестесін» қара.).
Температура мәні суық суда жууға дейін төмендетілуі мүмкін ( ).
Машина әрбір программа үшін көзделген максималды мәннен артық мәнді автоматты түрде жібермейді.
Қосымша функциялар
Машинаның әр алуан кір жуу қызметтері сіздің жуатын бұйымдарыңыздың қалаулы тазалығына және ақтығына қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Қызметтерді таңдау тәртібі:
1. Өзіңізге қажетті функцияның батырмасын басыңыз;
2. Сәйкес батырманың іске қосылуы функцияның активтендірілгенін білдіреді.
Ескерту:
! Егер таңдалып алынған функция берілген программамен үйлеспейтін болса, сәйкес индикатор өшіп-жана
бастайды да, мұндай функция іске қосылмайды.
! Егер алдында таңдалып алынған функциямен сәйкес келмейтін функция таңдалса, онда алдыңғы таңдалып
алынған функцияның индикаторы өшіп-жана бастайды да, екінші қосымша функция ғана қосылады, қосылған
функцияның индикаторы жанады.
Бұл опцияны таңдау кезінде механикалық қозғалыс, температура және су аса кірлемеген мақта-мата және
синтетикалық бұйымдардың азайтылған жүктемесі үшін іске қосылады («Программалар кестесін» қара.).
« » режимінде суды және электр қуатын үнемдей отырып, бұйымдарды қысқа мерзім ішінде жуып шығуға
болады. Сұйық жуғыш құралдың жүктеме көлеміне сәйкес келетін дозасын пайдалануды ұсынамыз.
Ағарту
Сіңіп кеткен кірді кетіруге арналған ағарту циклі. Ағартқышты қосымша 4-бөлікке құйыңыз («Ағарту»-ды қара.).
1/2 Сығу
Бұл батырманың көмегімен сығу жылдамдығын төмендетуге болады.
Кейінге қалдыру таймері
Циклді қосуды 12 сағатқа дейін тоқтата алады.
Тоқтатудың қажетті мәніне сәйкес келетін индикатор жанғанға дейін батырманы бірнеше рет басыңыз. Бесінші рет
басқанда функция өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: ON/OFF батырмасын басу арқылы кейінге қалдыру мәнін азаю жағына қарай өзгертуге болады.
Персонализацияланған
бейімдеулер

Содержание

Скачать