Electrolux EN 3613 AOX [8/76] Тоңазытқышты іске қосу

Electrolux EN 3613 AOX [8/76] Тоңазытқышты іске қосу
3.4 Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін:
1.
Fridge Compartmentтүймешігін басыңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы сөнеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау
үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
3.5 Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
Құрылғы ON/OFF түймешігін 3 секунд
басыңыз.
2.
Бейнебет сөнеді.
3.
Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін
ашаны розеткадан суырыңыз.
3.6 Температураны реттеу
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз.
Температураны орнату үшін температура
түймешігін басыңыз.
Орнатылған әдепкі температура:
тоңазытқыш үшін +4°C
•мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары орнатылған
температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура сақтаулы
қалады.
3.7 Демалыс режимі
Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде
жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Демалыс функциясы іске қосулы
тұрғанда, тоңазытқыш бөлік бос
болуға тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
Демалыс индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған температураны
көрсетеді.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Mode түймешігін Демалыс индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
2.
Демалыс индикаторы өшеді.
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде ажыратылады.
3.8 Тоңазытқыш және Мұздатқыш
бөлікке арналған EcoMode режимі
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
EcoMode режимін таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз.
2.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
EcoMode индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді:
тоңазытқыш үшін: +4°C
мұздатқыш үшін: -18°C
3.
EcoMode индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз.
2.
Mode түймешігін EcoMode индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
3.
EcoMode индикаторы сөнеді.
Функция басқа орнатылған
температураны таңдаған кезде
ажыратылады.
3.9 ShoppingMode
Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-
түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе,
тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес
үшін ShoppingMode функциясын іске қосуды
ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
ShoppingMode индикаторы бірнеше
секунд жыпылықтайды.
ShoppingMode функциясы шамамен 6 сағат
өткенде автоматты түрде өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
8
www.electrolux.com

Содержание

Похожие устройства

Скачать