Hansa BK 306.0 N [64/76] Тоңазытқышты қалай үнемді пайдалануға болады

Hansa BK 306.0 N [64/76] Тоңазытқышты қалай үнемді пайдалануға болады
- 64 -
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ҚАЛАЙ
ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУҒА
БОЛАДЫ?
Пайдалы кеңестер
Тоңазытқышты және мұздатқышты қыздырғыш құралдарының
және үрме шкафтардың маңына, сонымен қатар, күннің тікелей
сәулелері түсетін орындарға қоймаңыз.
Құралдың желдеткіш саңылауларын жаппаңыз. Оларды үнемі
уақытылы шаң-тозаңдардан тазартыңыз (жылына бір-екі рет).
Тиісті температураны орнатыңыз: тоңа-зытқыш камерасында
6-дан 8°C-қа дейін, ал мұздатқыш камерасында - - 18°C жеткілікті.
Үйде жоқ болған уақытта тоңазытқыш камерасында температураны
жоғарылату қажет.
Тоңазытқыш және мұздатқыш камера-ларының есіктерін қажет
болмаса ашпаңыз. Тоңазытқышта қандай өнімдер және қай жерде
сақталынатын білу қажет. Қолданылмаған өнімдерді тоңазытқыш
немесе мұздатқыш камерасына олардың жылып кетуіне жол
бермей, мүмкіндігін-ше тез салу қажет.
Тоңазытқыш камерасының ішкі беттерін ылғал шүберекпен
(жуғыш құралымен ылғалданған болуы мүмкін) жүйелі түрде сүртіп
тұрыңыз. Жібітудің автоматты жүйесі жоқ тоңазытқышты тұрақты
түрде мұзын ерітіп тұру қажет. 10 мм-ден артық қалыңдықтағы
мұздың түзілуіне жол бермеңіз.
Есіктің тығыздағыш төсемдерін таза ұстаңыз, әйтпесе есік тығыз
жабылмай-тын болады. Есіктің тығыздағыштары зақымданған
жағдайда оны жаңаларымен алмастырыңыз.
Жұлдызшалар нені білдіреді?
$
-6°C-тан жоғары емес температура мұздатылған
өнімдерді шамамен бір апта сақтау үшін жеткілікті. Бір
жұлдызшамен белгіленген науалар (жәшіктер) және
камералар көбінесе арзанырақ тоңазытқыштарда
кездеседі.
#
-12°C-тан жоғары емес температура барысында
өнімдердің дәмдік сапаларын жоғалтпай, оларды 1-2
апта сақтауға болады. Осындай температура өнімдерді
мұздату үшін жеткіліксіз.
@
Әдетте, өнімдерді мұздату -18°C-тан төмен температура
барысында жүргізіледі. Салмағы 1 кг-ға дейінгі балғын
өнімдерді мұздатуға мүмкіндік береді.
!
Осындай түрмен белгіленген құрал-дар өнімдердің көп
мөлшерін мұздатуға және -18°C-тан төмен температура
барысында оларды ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік
береді.

Содержание

Скачать