Electrolux EKG 61300 OX [10/84] Пештің үсті пайдалы ақыл кеңес

Electrolux EKG 61300 OX [10/84] Пештің үсті пайдалы ақыл кеңес
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, ыдыстың қақпағын
әрқашан жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
Назарыңызда болсын!
Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін
табалар мен кәстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың диаметрі
Жылдам 160 - 260 мм
Жартылай
жылдам
140 - 240 мм
Қосымша 120 - 180 мм
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс
ыдысты қолданыңыз.
7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Құрылғыны тазалау немесе жөндеу
жұмыстарын жүргізердің алдында
оны электр желісінен ажыратыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны
бумен тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын!
Түрпілі тазалағыш заттарды, темір
жөкені немесе қышқылды
қолданбаңыз. Бұндай заттар
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Құрылғының бетіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін
таба қоятын тағандарды алып қоя тұруға
болады.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін сабыны бар
сумен жуып, орнына қайта қояр алдында
жақсылап құрғатыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш
машинада жууға арналмаған. Оларды
қолмен жуу керек.
Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,
құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі
эмальмен қапталған жиектері өткір болуы
мүмкін. Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен
кетіріңіз.
Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын
дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
10
www.electrolux.com

Содержание

Похожие устройства

Скачать