Electrolux EKK 513520 X Руководство по эксплуатации онлайн [21/84] 730065

Electrolux EKK 513520 X Руководство по эксплуатации онлайн [21/84] 730065
5. Тұмшапештің температурасын 250
°C-қа қойыңыз да, тұмшапешті 1
сағат іске қосыңыз.
6. Тұмшапештің ішін жұмсақ, дымқыл
жөкемен тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұмшапештің каталитті
қаптамасының бетін пешке
арналған спрей, түрпілі тазартқыш,
сабын немесе басқа тазартқыш
заттармен тазаламаңыз. Мұндай
заттар каталитті қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
Каталитті қаптаманың түсінің оңуы,
каталиттің сипаттарына әсер
етпейді.
Сөренің сырғытпа жолдары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
тежегіштерін қабырғадан ағытып
алыңыз.
2. Сөренің сырғытпа жолдарын
қабырғадан алу үшін артқы
тежегіштерді қабырғадан алыңыз.
2
1
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды аталмыш
әрекеттерді кері ретпен орындай
отырып салыңыз.
Өте маңызды! Телескопиялық
сырғытпалардағы тежегіш
білікшелердің алға қарап тұрғанын
тексеріңіз.
Пештің есігін тазалау
Пеш есігі бірінен кейін бірі орналасқан
шыны панельдерден тұрады. Тазалау
жұмысын жеңілдету үшін пештің есігі
мен ішкі шыны панелін алыңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш есігін
ағытып алмай тұрып, есіктің ішкі
шыны панелін алғыңыз келсе, есік
кенет жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны
панельдердің салқын тұрғандығына
көз жеткізіп алыңыз. Шыны сынып
қалуы ықтимал.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны
панельдеріне нұқсан келсе не сызат
түссе, шыны босап, сынып қалады.
Бұндай жағдай орын алмас үшін
оларды ауыстыру керек. Қосымша
нұсқауларды жергілікті қызмет
көрсету орталығынан алыңыз.
Пеш есігі мен шыны панельді алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
electrolux 21

Содержание

Похожие устройства

Скачать