Electrolux EKK 513520 X [7/84] Пештің үсті күнделікті пайдалану

Electrolux EKK 513520 X [7/84] Пештің үсті күнделікті пайдалану
Сақтандыру туралы ескерту! Пештің
есігін әрқашан тұтқасының
ортасынан ұстап ашыңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш тазалағыштарды
қолданбаңыз! Бұндай заттар
құрылғының бетін бүлдіруі мүмкін.
"Күтім көрсету және тазалау"
тарауын қараңыз.
Уақытты орнату
Пеш тек уақыт қойылған соң ғана
жұмыс жасайды.
Құрылғыны электр желісіне қосқанда не
электр қуаты өшіп қалған кезде уақыт
функциясын көрсететін шам автоматты
түрде жыпылықтай бастайды.
Ағымдық уақытты орнату үшін " + " не "
- " түймешігін қолданыңыз.
5 секундтай уақыт өткеннен соң
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тәулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін автоматты
функцияны (Ұзақтығы
немесе
Соңы
) қоса орнатуға бірге
болмайды.
Алдын ала қыздыру
1.
Функцияны
және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Пешті шамамен 1 сағат тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
3.
Функцияны
және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Пешті шамамен 10 минут тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
5.
Функцияны
және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Пешті шамамен 10 минут тағам
қоймай іске қосып қойыңыз.
Бұл құрылғының ішіндегі қалдықтарды
жағу үшін керек. Керек-жарақтар
әдеттегіден ыстығырақ болады.
Құрылғыны бірінші рет алдын ала
қыздырған кезде, одан иіс пен түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауа
айналымының жеткілікті екенін
тексеріңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде
ашық отты пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалынды дұрыс
пайдаланбау жағдайлары үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Басқару түймешесін сағат тілінің
бағытына қарсы түбіне дейін (
) бұраңыз да, төмен басыңыз.
2. Басқару түймешесін шамамен 5
секунд ұстап тұрыңыз; сонда
жылыту элементі қызады. Егер олай
етпесеңіз, газ беріліміне кедергі
келтіріледі.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
electrolux 7

Содержание

Похожие устройства

Скачать