Electrolux EKK 603504 W [15/64] Қалпына қойыңыз да терморелені басқаратын түймешені off қалпына қойыңыз

Electrolux EKK 603504 W [15/64] Қалпына қойыңыз да терморелені басқаратын түймешені off қалпына қойыңыз
Торт не пісірмелерді пісірер алдында
пешті алдын ала сәл (10 минуттай)
қыздырып алу қажет. Пісіру басталып
кеткен соң, пісіру аяқталғанша пеш есігін
жабық ұстаңыз да пісіру нәтижесін пеш
есігінің терезесі арқылы бақылап
отырыңыз.
Грильдеу
Егер ет не балықты грильдеу қажет
болса, олардың үстіне сәл май жағып
барып сөреге тура қойыңыз.
Гриль функциясын пайдаланғанда қызу
тек пештің үстіңгі қыздырғыш
элементінен ғана келеді. Сондықтан да,
пісіру қатарын ет пен балықтың
қалыңдығына сай лайықтап алыңыз.
Ішіне сәл су құйылған май жинайтын
табаны астыңғы орынға қоюды ешқашан
естен шығармаңыз.
Тамақ пісіру уақыты
Тамақ пісіру уақыты пісірілетін тамақтың
түріне, құрамына және көлеміне қарай әр
түрлі болады. Біз пеште алғашқы тамақ
пісіру тәжірибеңізді жазып отыруды
ұсынамыз, себебі бірдей жағдайларда
бірдей тағам түрлерін пісіре жүріп әрине,
ұқсас нәтижеге жететін боласыз.
Тек тәжірибе арқылы ғана сіз кестелерде
берілген шамаларды лайықты түрде
өзгерте аласыз.
Жібіту
Пеш желдеткіші жылу шығармай жұмыс
жасайды және бөлме
температурасындағы ауаның пеш ішінде
қалыпты айналуын қамтамасыз етеді.
Бұл жібіту жылдамдығын арттырады.
Дегенмен, ас үй температурасының
жібіту жылдамдығына әсер ететіндігін
естен шығармаңыз. Бүл функция
әсіресе, ыстықтың әсерінен бұзылып
кетуі мүмкін, кремі бар печенье, үсті
әрленген торт, пирог, нан не басқа да
ашытқы қосылған тағамдар үшін тамаша
жарайды.
Жібіту функциясын қолдану тәсілі
Пеш функциясын басқаратын түймешені
қалпына қойыңыз да, терморелені
басқаратын түймешені OFF қалпына
қойыңыз.
Пісіру кестесі- Конвекция және
желдеткіш арқылы пісіру
Кестелердегі ақпарат тек жалпылама
ұсыныс ретінде ғана берілген.
Температураны жеке талаптарыңыз бен
қалауыңызға сай көбейтіп не азайту
қажет болуы мүмкін.
Өз талаптарыңызға сай параметрлерді
тек жеке тәжірибеңіз арқылы ғана
анықтай аласыз.
Тамақ пісіру уақытына алдын ала
қыздыру уақыты қосылмаған. Кез
келген тамақты пісірер алдында
пешті алдын ала сәл (10 минуттай)
қыздырып алу керек.
Салмағы (г)
Тағам түрі Конвекциямен
пісіру
Желдеткіш арқылы
пісіру
Пісіру
уақыты,
минут
ЕСКЕРІМДЕР
Қата
ры
темп.
°
C
Қатары
темп.
°
C
Автоматты
рецептілер
2 170 2 160 45 ~ 60 Сөредегі торт
қалыбы
Шала ашыған
қамыр
2 170 2 (1 және 3)
1)
160 20 ~ 30 Сөредегі торт
қалыбы
Сарымай мен
сүт қосылған
чизкейк
1 160 2 150 60 ~ 80 Сөредегі торт
қалыбы
Алма торты 1 180 2 (1 және 3)
1)
170 40 ~ 60 Сөредегі торт
қалыбы
Штрудель 2 175 2 150 60 ~ 80 Сөредегі торт
қалыбы
electrolux 15

Содержание

Похожие устройства

Скачать