Indesit I5E52E (W) [25/28] Күтім және техникалық қызмет көрсету

Indesit I5E52E (W) [25/28] Күтім және техникалық қызмет көрсету
25
KZ
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш
заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты
қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
жақсылап шайып, құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Электр тұтату функциясы бар плиталарда
электрондық тұтату құралдарының ұшын жиі
тазалап, газ шығатын тесіктердің бітеліп қалмауын
тексеріп отыру керек.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің шыны есігін губкаға абразивті емес өнім
жағып тазалаңыз да, жұмсақ шүберекпен сүртіп
құрғатыңыз.
Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты
жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш
машинаға жууға болады.
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі
мүмкін. Жуып болған соң оны жақсылап шайып,
құрғатыңыз. Сондай-ақ, қалып қойған барлық су
тамшыларын сүртіп алу қажет.
! Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық
болғанда қақпақты жаппаңыз.
Қақпақ
Пеш шыны қақпақпен
жабдықталған болса,
бұл қақпақты жылы
сумен тазалау керек.
Қырғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
Плитаның артқы жағын
тазалауды жеңілдету
үшін қақпақты шешіп
алуға болады. Қақпақты
толығымен ашып, оны
жоғары қарай тартыңыз
(суретті қараңыз).
! Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық
болғанда қақпақты жаппаңыз.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі Өкілетті сатудан кейін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз. Тығыздағыштар
ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды
ұсынамыз.
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан кейін шам ұясын
жауып тұрған шыны қақпақты шешіп алыңыз
(суретті қараңыз).
2. Шамды алып, оны сондай
басқа шаммен ауыстырыңыз:
кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт,
цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып,
пешті токқа қайтадан қосыңыз.
Көмек
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
Төменгі бөлім
Пештің астында пештің керекарақтары мен терең
ыдыстарды сақтау үшін
қолдануға болатын
бөлім бар. Есікті ашу
үшін оны төмен қарай
тартыңыз (суретті
қараңыз).
! Пеш астындағы бөлімге
ж а н ғ ы ш з а т т а р д ы
қоймаңыз.
! Бөлімнің (бар болған
жағдайда) ішкі беттері қызуы мүмкін.

Содержание

Скачать