Philips GC6804 [51/118] Тазалау және күту

Philips GC6830 [51/118] Тазалау және күту
53
Қазақша
Тігінен үтіктеу
Ескерту: үтіктен ыстық бу шығады. Киімді біреу киім тұрғанда оның қыртысын кетіруге
әрекет етпеңіз (11-сурет). Үтіктің жанында өзіңіздің немесе басқа біреудің қолы тұрса,
буды шығармаңыз.
Ілулі тұрған матаның қыртысын кетіру үшін булы үтікті тігінен пайдалануға болады.
1 Үтікті тік позицияда ұстап, бу шығару түймесін басып, киімге үтіктің табанын жайлап тигізіп, үтікті жоғары және
төмен жылжытыңыз (12-сурет).
Қауіпсіз тірек
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті қалдыру
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті түпқоймаға немесе көлденеңінен үтіктеу тақтасына қоюға болады (2-сурет).
OptimalTEMP технологиясы үтіктің табаны үтіктеу тақтасының жабынын бүлдірмейтінін қамтамасыз етеді.
Автоматты түрде өшу
- Құрылғы 5 минут бойы қолданылмаса, күту режиміне өтеді. Қосу/өшіру түймесіндегі жарық жыпылықтай
бастайды.
- Құрылғыны қайта белсендіру үшін, қосу/өшіру түймесін немесе бу триггерін басыңыз. Құрылғы қайта жылына
бастайды.
- Егер құрылғы күту режиміне өткеннен кейін 10 минут пайдаланылмаса, ол автоматты түрде өшеді. Қосу/өшіру
түймесіндегі жарық өшеді.
Ескерту: құрал тоққа қосылып тұрғанда, оны бағалаусыз қалдыруға болмайды. Қолданып
болған соң, құрылғыны міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
Тазалау және күту
Зерделі Calc-clean жүйесі
Құралда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі бар. Бұл буды қаттырақ шығаруға
және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен дақтардың ақпауына көмектеседі. Тазалау процесінің орындалғанына
сенімді болу үшін, бу генераторы әдетте еске салып отырады.
Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы
1-3 ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрылғы қақ тазалау процесін орындау
қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара бастайды (13-сурет).
Бұдан басқа құрылғыда қақ жиналмауы үшін, екінші қорғау әрекеті біріктірілген: қақты кетіру орындалмаса, бу шығару
функциясы өшіріледі (14-сурет). Қақ тазарту орындалғаннан кейін бу шығару функциясы қалпына келтіріледі. Бұл
қолданылған су түріне қарамастан орындалады.
Ескертпе: қақ тазалау процесі кез келген уақытта орындалуы мүмкін, тіпті дыбыс және шам еске салғышы
белсендірілмеген кезде.
Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін орындау
Ескерту: қақ тазалау процесі кезінде құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.

Содержание

Скачать