Philips GC6830 [52/118] Ақаулықтарды шешу

Philips GC6830 [52/118] Ақаулықтарды шешу
54
Қазақша
Абайлаңыз: қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін үнемі орындаңыз. Үтікті қақ тазалау
ыдысынан көтеру арқылы процесті үзбеңіз, өйткені табаннан ыстық су мен бу шығады.
1 Су ыдысын жартылай толтырыңыз.
Ескертпе: қақ тазалау процесі кезінде құрылғы тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде екенін тексеріңіз.
2 Қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе кез келген басқа тегіс, тұрақты жерге қойыңыз.
3 Үтікті қақ тазалау ыдысына қозғалмайтын етіп қойыңыз (15-сурет).
4 Қысқа дыбыстық сигналдарды естігенше CALC-CLEAN (Қақ тазалау) түймесін 2 секунд басып тұрыңыз
(16-сурет).
Ескертпе: қақ тазалау ыдысы қақ тазалау процесінің барысында қақ бөлшектерін және ыстық суды жинауға
арналған. Бүкіл процесс барысында үтікті осы ыдысқа қою мүлде қауіпсіз.
5 Қақ тазалау процесі кезінде қысқа дыбыстық сигналдарды және соратын дыбысты естисіз (17-сурет).
6 Процесс аяқталғанша, шамамен 2 минуттай күтіңіз (18-сурет). Қақ тазалау процесі аяқталған кезде үтік дыбыстық
сигнал шығаруды тоқтатады және CALC-CLEAN (Қақ тазалау) шамы жыпылықтауды қояды.
7 Үтікті шүберекпен сүртіп алып, негізге қойыңыз (19-сурет).
Абайлаңыз: үтік ыстық.
8 Қақ тазалау процесі кезінде қақ тазалау ыдысы ыстық болатындықтан оны ұстамас бұрын шамамен 5 минуттай
күте тұрыңыз. Одан кейін қақ тазалау ыдысын шұңғылшаға апарып, төгіңіз де, кейін тағы пайдалану үшін сақтап
қойыңыз (20-сурет).
9 Қажет болғанда 1–8 қадамдарын қайталауға болады. Қақ тазалау процесін бастамай тұрып қақ тазалау ыдысын
босатыңыз.
Ескертпе: қақ тазалау процесінің барысында үтік ішінде қақ жиналмаған болса, табаннан таза су шығуы мүмкін. Бұл
әдеттегі нәрсе.
Қақ тазалау процесін орындау әдісі туралы ақпарат үшін келесі сілтеме бойынша бейнелерді қараңыз:
http://www.philips.com/descaling-iron.
Үтік табанын тазалау
Құралды дұрыс сақтау үшін оны әрдайым тазалап тұрыңыз.
1 Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2 Дақтарды оңай және тиімді түрде кетіру үшін, үтіктің табанын қыздырып, ылғал шүберекке ысқылаңыз (21-сурет).
Кеңес: тегіс сырғуды қамтамасыз ету үшін үтіктің табанын кезеңді түрді тазалаңыз.
Сақтау
1 Құралды өшіріп, ток көзінен суырыңыз.
2 Бу ыдысындағы суды шұңғылшаға төгіңіз (22-сурет).
3 Бу жеткізу шлангісі мен ток сымын бүктеңіз. Оларды сақтау бөліміне салыңыз (23-сурет).
4 Тек GC6819, GC6820 және GC6830 сериясына арналған: үтікті үтіктеу түпқоймасына құлыптау үшін, тасымалдау
бекітпесін басыңыз (24-сурет). Үтік түпқоймаға бекітілгенде үтіктің тұтқасынан ұстап бір қолмен алып жүруге
болады (25-сурет).
Ақаулықтарды шешу
Бұл тарауда құралда орын алуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер төмендегі ақпараттың
көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, www.philips.com/support торабына кіріп, жиі қойылатын сұрақтар тізімін
қараңыз немесе еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

Содержание

Скачать