Philips GC8702 [42/46] Тазалау және техникалық қызмет көрсету

Philips GC8702 [42/46] Тазалау және техникалық қызмет көрсету
44
Қауіпсіз автоматты өшіру режимі (yлгілерге арналған GC8750
GC8735, GC8733, GC8731, GC8723, GC8721)
- Энергияны үнемдеу үшін құрал 5 минут қолданылмай тұрса, автоматты түрде өшіп
қалады. Қосу/өшіру түймесіндегі автоматты өшетін шам жыпылықтай бастайды.
- Құралды қайта іске қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз. Содан соң, құрал қайта
қыза бастайды.
Абайлаңыз! Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз
қалдырмаңыз. Қолданып болған соң құрылғыны міндетті түрде
розеткадан ажыратыңыз.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Смарт қақ тазалау жүйесі
Құралда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі
бар. Бұл буды қаттырақ шығаруға және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен
дақтардың ақпауына көмектеседі. Тазалау процесінің орындалғанына сенімді болу
үшін, бу генераторы әдетте еске салып отырады.
Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы
1–3 ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрал қақ
тазалау процесін орындау қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара
бастайды.
Бұдан басқа бу генераторында қақ жиналмауы үшін екінші қорғау әрекеті біріктірілген:
қақты кетіру орындалмаса, бу шығару функциясы ажыратылады. Қақ тазарту
орындалғаннан кейін бу шығару функциясы қалпына келтіріледі. Бұл қолданылған су
түріне қарамастан орындалады.
Ескерту: Қақ тазалау процесі кез келген уақытта орындалуы мүмкін, тіпті дыбыс және
шам еске салғышы белсендірілмеген кезде.
Қазақша

Содержание

Скачать